Ғылым және инновациялар

Ғылыми жобалар

Университет ғалымдары жүзеге асыратын өзекті зерттеулер, гранттық және бағдарламалық-нысаналы жобалар.

Жоба кодыAP27510507 Іске асыру кезеңі2025–2027

Қазақстандағы «Мақсатты мектептер» жобасын талдау: іске асырылуы, сын-қатерлері және мүмкіндіктері

Жоба білім нәтижелері төмен мектептерді қолдауға бағытталған Қазақстандағы «Мақсатты мектептер» жобасының іске асырылуын кешенді талдауға арналған. Зерттеуде мектептерді іріктеу тетіктері, қажеттіліктерді диагностикалау, педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламалары, басқарушылық сүйемелдеу және нәтижелерді мониторингілеу сияқты бастаманың институционалдық, ұйымдастырушылық және кәсіби қырлары қарастырылады.
Зерттеу дизайны құжаттар мен білім беру саясатын талдауды, онлайн-сауалнаманы, жартылай құрылымданған сұхбаттарды, тақырыптық талдауды, халықаралық салыстырмалы шолуды және библиометриялық талдауды біріктіреді. Жоба нәтижелері ғылыми жарияланымдар, талдамалық материалдар мен мектептерді қолдау тетіктерін жетілдіруге және Қазақстандағы білім берудегі теңсіздікті қысқартуға арналған практикалық ұсынымдар дайындауға пайдаланылады.
Жоба жетекшісі
Сармурзин Ербол Жанбырбаевич, PhD
Қаржыландыру
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті
Жоба туралы толығырақ