Зертхана 2010 жылы философия және психология факультетінің негізінде профессор Кәріпбаев Байжол Ысқақұлының бастамасымен, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми кеңесінің қолдауымен құрылды.
Зертхананы философия ғылымдарының докторы, профессор Кәріпбаев Байжол Ысқақұлы басқарады.
Зертхана жұмысының мақсаты – қазіргі Қазақстанның рухани өмірінің діни факторымен байланысты проблемаларды дүниетанымдық пайымдау.
Міндеттері:
- «Дінтану» мамандығын ғылыми-теориялық, әдістемелік сүйемелдеу
- Зертхананың тақырыптық басымдықтарына сәйкес келетін ғылыми жобаларды әзірлеу
- Студенттерді, магистранттарды, докторанттарды зертхананың ғылыми бағыттары бойынша зерттеу жұмыстарына тарту
- Дін мәселелері бойынша ғылыми, әдістемелік материалдар әзірлеу
Ғылыми бағыттар:
- Қазіргі Қазақстандағы конфессиялық әралуандықтың табиғатын зерттеу
- Этносаралық және конфессияаралық қатынас мәселелерін зерделеу
- Дін және жастар
- Дін және білім
- Әлеуметтік-мәдени саясат форматындағы дін
Ғылыми байланыстар:
- Карлов университетінің гуситтік теология факультеті, философия докторы К. Веверкова.
- Огайо университетінің философия факультеті, философия докторы Джеймс Петрик
- Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетінің философия факультеті, философия ғылымдарының докторы, профессор В.И.Разумов
- Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ дінтану кафедрасы, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Д. Құрманәлиева.
Ынтымақтастық туралы шарттар:
- «Қазақстан азаматтары» қоғамдық бірлестігі
- «Жастар – Қазақстанның болашағы үшін» қоғамдық бірлестігі
- Қарағанды облысының дін істері басқармасы
- Қарағанды қалалық әкімдігінің дін істері жөніндегі кеңесі
- «Din zhane zaman» қоғамдық-публицистикалық журналы