Философия және психология факультетіне қош келдіңіз!
Философия және психология факультеті философия, психология, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтік жұмыс саласы мамандарын, мәдени-тынығу жұмысы ұйымдастырушыларын, әлеуметтік педагогтарды даярлауды жүзеге асырады.
Факультетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары жүзеге асырылады.
Факультет құрамына 4 кафедра кіреді: философия және мәдениет теориясы кафедрасы, психология кафедрасы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасы, әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика кафедрасы.
Факультет түлектері референттер, әлеуметтанушылар, сарапшылар, мемлекеттік, маркетингтік және имидждік компаниялардың, ғылыми-зерттеу зертханаларының қызметкерлері және білім беру ұйымдарының оқытушылары болып жұмыс істейді.
Факультетте Қазақстандағы діни ахуалды жан-жақты зерттейтін ғылыми-зерттеу зертханасы мен әлеуметтік-психологиялық ғылыми-зерттеу зертханасы бар.
Buketov University