Нанотехнология және функционалдық наноматериалдар ұжымдық пайдалану ғылыми орталығы функционалдық наноматериалдар физикасы, органикалық электроника және фотовольтаика саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін ҚарМУ ректорының 22.10.2019 жылғы №1471 бұйрығымен ашылды.
Институт құрылымында 8 зертхана бар.
Негізгі ғылыми бағытыорганикалық және бейорганикалық функционалды наноматериалдардағы заряд жеткізушілерді тасымалдау генерациясы мен динамикасын зерттеу.
Мақсаты мен міндеттері:
–күн энергетикасы және органикалық электроника саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу;
– ғылыми қызмет бейіні бойынша мамандарды – бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын даярлау.
Ғылыми бағыттар:
–жарықсезгіш полимерлі жартылай өткізгіштер және композиттік молекулалық жүйелер;
- фотобелсенді қабаттардың құрылымдық ерекшеліктерінің полимерлі күн ұяшықтарындағы заряд жеткізушілерді генерациялау және тасымалдау процестеріне әсері;
- көпкомпонентті фотоэлектрлік түрлендіргіштердегі фотоиндукцияланған электронды процестер;
- перовскитті күн ұяшықтарында заряд жеткізушілерді генерациялау және тасымалдау.
Ғылыми зертханалар:
- полимерлі фотовальтаика зертханасы;
- перовскитті құрылымдар синтезі зертханасы;
- металл оксидтерінің жартылай өткізгіш композитті наноқұрылымдар зертханасы;
- органикалық наноматериалдар синтезі зертханасы;
- электрофизикалық өлшеулер және импеданс спектроскопиясы зертханасы;
- оптикалық өлшеулер зертханасы;
- сканерлеуші электронды микроскопия зертханасы;
- сканерлеуші зонд микроскопиясы зертханасы.
Ғылыми байланыстар:
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Russia);
Беларусь мемлекеттік университеті (Belarus);
Томск политехникалық университеті (Russia);
Назарбаев университеті;
Мәскеу инженерлік-физикалық институты (МИФИ) (Russia)
Ғылыми-технологиялық жабдық:
1. MIRA 3 LMU сканерлейтін зондтық микроскоп(CzechRepublic)
2. Q150 R үлгі дайындау жүйесі (Quorum Technologies) (USA),
3. JSPM-5400 атомдық-күш микроскопы(Japan)
4. Ультрадыбыстық жуғыш- SB-3200D (USA)
5. Вакуумдық сорғысы бар вакуумды кептіргіш шкаф-DZF-6050
6. Зерханалық таразы-FA2204C (USA)
7. УК-озон тазартқыш (Ossila)(USA)
8. Импедансты өлшеу модулі бар потенциостат-Р-45Х + FRA-24M (Russia)
9. Термиялық тозаңдатқыш қондырғы-CY-1700X-SPC-2(China)
10. Центрифуга (spin-coater) - SPIN150i (USA)
11. Dip-coater (Ossila) (USA)
12. CY-A1200-12L құндақты пеші (USA)
13. Smart-Q15 су ионсыздандырғышы (USA)
14. SCIENCETECH 150 вольт-амперлік сипаттамаларды өлшеуге арналған станция (Canada)
15. Plazma Etch плазмалық тазарту жүйесі (USA)
16. Инертті атмосферада наноматериалдарды алуға арналған вакуумдық қолғап боксы(China)
Іске асырылатын жобалар:
1. №544-Ф-19 «Жартылай өткізгішті полимер мен металлофталоцианиндер негізінде күн энергиясы фототүрлендіргішті әзірлеу» (2020, университетішілік грант).
2. AP08856176 «Органикалық жартылай өткізгішті нанокомпозиттер негізінде күн энергиясы фототүрлендіргішті әзірлеу» (2020-2022, ҚР БҒМ);