Математика және ақпараттық технологиялар факультетіне қош келдіңіз!
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті білім беру, ғылым және бизнес салалары үшін математика, механика, цифрлық технологиялар және робототехника бағыттары бойынша білікті мамандар даярлайды. Факультет үштілді оқыту мен қос дипломды бағдарламаларды қоса алғанда, барлық деңгейдегі білім беру бағдарламаларын ұсынады. Түлектер білім беру мекемелерінде, ғылыми ұйымдарда, бизнес-құрылымдарда және IT-компанияларда жоғары сұранысқа ие.
Факультет құрамына 4 кафедра, Қолданбалы математика институты, Қолданбалы механика және робототехника ғылыми-зерттеу зертханасы, Жасанды интеллект оқу-зерттеу зертханасы, IT-құзыреттілік орталығы мен заманауи мультимедиялық және компьютерлік кабинеттер кіреді.
Buketov University