Үздіксіз білім беру институтына қош келдіңіз!
1979 жылғы маусымда Қарағанды Мемлекеттік университетінде Қазақ КСР Министрлер кеңесінің 1978 жылғы 13 қазандағы №835 өкіміне; КСРО Жоғары оқу орнының 1979 жылғы 16 сәуірдегі №477 бұйрығына; ҚазКСР Жоғары оқу орнының 1979 жылғы 8 маусымдағы №508 бұйрығына сәйкес біліктілікті арттырудың екі факультеті ұйымдастырылды:
1) жалпы орта білім беретін мектептер директорларының біліктілігін арттыру факультеті;
2) орта арнаулы оқу орындарының орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының біліктілігін арттыру факультеті.
Қазіргі уақытта Karaganda Buketov University үздіксіз білім беру институты жұмысты келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:
1. Дайындық бөлімі
2. Педагогикалық қайта даярлау
3. Біліктілікті арттыру
4. Күміс университеті
Үздіксіз білім беру институты өз жұмысында Karaganda Buketov University 12 факультетімен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Buketov University