Buketov University

Биология-география факультеті

Кафедралар: 4 Декан Факультет тарихы
Факультет туралы

Биология-география факультетіне қош келдіңіз!

Биология-география факультеті – академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ең көне факультеттерінің бірі. 1972 жылы тарихы 1952 жылы басталатын педагогикалық институттың жаратылыстану факультетінің негізінде құрылды. 1972 жылы Педагогикалық институттың жаратылыстану ғылымдары факультетінің негізінде ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда факультет биология, география, экология, биотехнология, ауылшаруашылығы және медицина ғылымдарының әртүрлі сала мамандарын біріктіреді.
Факультеттің міндеті – классикалық білім беру құндылықтарын сақтай отырып, инновациялық технологияларды қолдану негізінде биология, география және экология ғылымы саласында жоғары сапалы білім беру және аймақтың болашағы үшін жауапкершілікті алуға қабілетті жаңа буын мамандарын даярлау.
Факультетте 60 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде ғылым докторлары мен кандидаттары, «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының, Білім және ғылым министрлігінің талантты жас ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендияларының иегерлері және т.б. бар.
Факультет кафедраларында 1000-нан астам студент, магистрант пен докторант оқиды, факультет қабырғасынан жыл сайын 200-ге жуық маман бітіріп шығады. Факультетте Биотехнология және экомониторинг зерттеу паркіне біріктірілген бес зерттеу зертханасы бар. Сабақтар мамандандырылған зертханалар мен кабинеттерде, Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптарда, интерактивті мультимедиалық жабдықтары бар дәріс аудиторияларында өтеді. Факультеттің Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде, Табиғат мұражайында оқу-дала базасы, түрлі гербарий қоры бар.

Факультет құрылымы

Кафедралар