Цифрлық экономиканы зерттеу институты бұрын ҚазКСР Ғылым академиясы Экономика институтының филиалы ретінде 1981 жылы ашылған Нарықтық қатынастар институты ретінде белгілі болған.
Институттың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері:
- 1989 ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі – ҚР Ұлттық Ғылым академиясы Орталық-Қазақстан бөлімшесінің қоғамдық ғылымдар орталығы (ҚР БҒМ – ҰҒА ОКБ);
- 1994 ж. – ҚР ҰҒА ОҚБ Экономика институтының филиалы;
- 1997 ж. – ҚР Білім және ғылым министрлігі Нарықтық қатынастар институты;
- 2000 ж. – «Қазақстан Республикасындағы ғылым мен білімді интеграциялау жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 14.02.2000 ж. № 236 қаулысымен және ҚР БҒМ 27.04.2000 ж. № 410 бұйрығымен ҚР БҒМ академиялық Нарықтық қатынастар институты Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ға қосылды.
- 2020 ж. – Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ ректорының бұйрығы негізінде Нарықтық қатынастар институты Цифрлық экономиканы зерттеу институты болып өзгертілді.
Цифрлық экономиканы зерттеу институты университеттің экономикалық, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғылыми бөлімшесі болып табылады.
Институт қызметінің мақсаты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған экономика саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Институт міндеттері:
- университет кафедраларының ғылыми әлеуетін тарта отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау және экономикалық бағыттар бойынша ғылыми зерттеулердің өңірлік, республикалық және халықаралық бағдарламаларына қатысу;
- университеттің профессор-оқытушылар құрамының, магистранттары мен студенттерінің ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және олардың ғылыми жетістіктерін практикаға енгізу;
- жетекші ғалымдар мен жұртшылықты шақыра отырып, университеттің профессор-оқытушылар құрамын экономиканың өзекті мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік конференциялардың, ғылыми семинарлардың, форумдардың, дөңгелек үстелдердің жұмысына тарту;
- кешенді проблемалар бойынша жұмыстарды табысты орындау үшін, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сынақтан өткізу үшін Қазақстан мен шет мемлекеттердің сабақтас ғылыми-зерттеу мекемелерімен ынтымақтастық туралы шарттар мен келісімдерді әзірлеу және жасасу;
- өз құзыреті шегінде Институттың ғылыми қызмет бейіні бойынша консультациялық көмек көрсету.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары: цифрлық платформаларға негізделген жоғары технологиялық өнеркәсіптік кластерлердің инновациялық инфрақұрылымын зерттеу; дестинациялардың туристік-рекреациялық әлеуетін интегралды көп факторлы бағалау; әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу және болжау; нарықты маркетингтік зерттеу; инновациялық өнімдер нарығын кешенді статистикалық талдау; өнеркәсіптік меншік объектілерін коммерцияландыру; инвестициялық жобаларды бизнес-жоспарлау.
Жобалар:
Институт мемлекеттік, салалық бағдарламалар бойынша ғылыми зерттеулерді орындауға қатысады, әртүрлі деңгейдегі тапсырыс берушілер үшін маркетингтік зерттеулерді жүзеге асырады.
2015-2020 жылдар аралығында институтта ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық жобалар орындалды:
- «Инновациялық процесті тиімді басқару тетігін әзірлеу және проблемаларды анықтау мақсатында Қазақстан Республикасында инновацияларды коммерцияландыру процесін зерттеу» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0115РК00983);
- «Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін интегралдық көп факторлы бағалау және бәсекеге қабілетті өңірлік туристік өнімдерді дамыту стратегиясын әзірлеу» (мемлекеттік тіркеу нөмірі 0118РК00222).
Жоба жетекшісі – Институт директоры Д.Ғ. Мамраева.
Институт пен маркетинг кафедрасының бірлескен қызметі аясында Қарағанды университеті мен Магдебургтегі Отто фон Герике университетінің «GeKaVoc – логистика, мехатроника және Қазақстанның тұрақты энергия үнемдеу саласындағы кәсіби білім беру» тақырыбындағы жобасы іске асырылуда.
Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Ғылым комитеті 2021-2023 жылдарға қаржыландыратын «Туризмді цифрландыру жағдайында smart-технологияларды қолдану негізінде Орталық Қазақстанда қалалық туристік маршруттарды әзірлеу» тақырыбындағы гранттық жоба орындалуда.
Институт қызметкерлерінің ғылыми жетекшілігімен университет студенттері, магистранттары түрлі халықаралық және республикалық форумдардың, ғылыми конкурстардың, конференциялардың, олимпиадалардың Гран-При иегерлері, жүлдегерлері, лауреаттары атанды.
Цифрлық экономиканы зерттеу институты экономиканы дамытудың өзекті мәселелері бойынша әртүрлі деңгейдегі ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Институт базасында жыл сайын Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университетінің «ЭКОПРОМ», «ИНПРОМ» конференциялары аясында секциялық отырыс өтеді.
Институт қызметкерлері «Нарықтарды талдау саласындағы қызмет», «Әлеуметтік желілер менеджменті (SMM)» кәсіби стандарттарын әзірлеушілер болып табылады; «Научно-технические ведомости СПбПУ. Экономические науки» (Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті, Ресей) және «Мodern Economics» (Николаев ұлттық аграрлық университеті, Украина) журналдарының редакциялық алқасының мүшелері, сондай-ақ Scopus базасына кіретін «Engineering Economics» (Каунас технологиялық университеті, Латвия), «Экономика региона» (Ресей Ғылым Академиясының Орал бөлімінің Экономика институты) тәрізді журналдардың ресми рецензенттері болып табылады. 2019 жылдан бастап Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының ғылыми жобаларының сарапшылары.
Жыл сайын Институт маркетинг кафедрасымен бірлесіп «Sustainable Tourism Development» халықаралық қашықтықтан ғылыми жұмыстар конкурсын, сондай-ақ «Маркетинг», «Логистика», «Туризм», «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандықтары бойынша халықаралық қашықтықтан олимпиадаларды өткізеді.
Серіктестері:
Институт халықаралық ұйымдармен және жоғары оқу орындарымен байланыс жасайды, олардың ішінде Дүниежүзілік Туристік Ұйым (Мадрид қ., Испания), Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы (ДЗМҰ, Женева қ., Швейцария); Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Санкт-Петербург қ., Ресей) бар.