Зертхана 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқы кезеңде зертхананың негізгі жұмысы қажетті функционалды ерекшеліктерге ие ұшқышсыз ұшу аппараттарын жобалау және құрастыру болды.
Зертханада ұшқышсыз ұшу аппараттарының желісі әзірленді:
планер, екі гексакоптер, квадрокоптер және жиналмалы квадрокоптер.
Ғылыми-зерттеу зертханасында келесі бағыттар дамытылады:
қада іргетастарды салуға арналған геоақпараттық мәліметтер базасын әзірлеу; - трипод типті жаңа параллель роботтардың кинематикасын, динамикасын және қозғалыс симуляциясын зерттеу; - аз ресурсты тілдерге арналған нейрондық машиналық аударма әдістерін әзірлеу және зерттеу; - жасанды интеллект және нейрондық желілер.
Сонымен қатар, зертханада келесі бірлескен зерттеулер жүргізіледі:
биология-география факультетімен бірге магнит өрісінің өсімдіктердің өсуіне әсерін зерттеу және гидропоникалық қондырғыларды автоматтандыру; физика-техникалық факультетімен бірге жылу оқшаулағыш материалдардың қасиеттерін зерттеу. «Қолданбалы механика және робототехника» ғылыми-зерттеу зертханасының базасында «Механика», «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттарды даярлау жүзеге асырылады. «Қолданбалы механика және робототехника» зертханасында 2024–2026 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-мақсатты
Қаржыландыру аясында келесі жобалар орындалады:
1. ГФ жобасы «Жоғары білім беру жүйесінде бейімделген жеке оқытуды жүзеге асыру үшін жасанды интеллект технологиялары» (жоба жетекшісі – аға ғылыми қызметкер Казимова Д.А.)
2. «Жас ғалым» жобасы «Серпімді негіздегі функционалды-градиентті арқалықтардың иілуі мен еркін тербелістерін есептеудің жетілдірілген әдісі» (жоба жетекшісі – Нургозиева А.Ж., ғылыми кеңесші – С.Б. Ахажанов).