15 қазанда Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясының өкілдері қатысқан «Білім алушылардың педагогикалық практикасы: теориядан кәсіби қызметке дейін» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Іс-шара «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағыты бойынша магистранттардың педагогикалық практикасын ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу мәселелеріне арналды.
Семинардың ашылуында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты директорының орынбасары Бүркіт Ғалымұлы Нұрмағамбетов пен Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің заң факультетінің деканы Гүлнара Мусиевна Рысмағамбетова құттықтау сөз сөйледі.
Семинар аясында спикерлер педагогикалық тәжірибені ұйымдастырудың өзекті мәселелерін талқылап, кәсіби біліктіліктерімен бөлісті.
Жиында Бөкетов университетінің тәжірибе бөлімінің басшысы Евгения Валерьевна «Педагогикалық практиканы нормативтік және ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасады.
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры Андрей Викторович «Заң пәндері бойынша дәрісті дайындау және өткізу әдістемесі» тақырыбын қозғады.
Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының профессоры Қарлығаш Сериковна «Заң білімінде интерактивті әдістерді қолдану» мәселесіне тоқталды.
Психология кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Анар Рашидовна «Педагогикалық тәжірибе болашақ заңгердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру құралы ретінде» тақырыбында ой бөлісті.
Педагогика және бастауыш оқытудың әдістемесі кафедрасының қауымдастырылған профессоры Қымбат Файзуллиновна «Заң бағыты магистранттарының практикасын педагогикалық сүйемелдеу: оқу және тәрбие жұмыстарын дайындау» тақырыбын таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар қызу пікірталас өткізіп, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ білім беру үдерісін жетілдірудің заманауи тәсілдері талқыланып, жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру ұйымдары арасындағы өзара байланыстың маңыздылығы атап өтілді.
Ғылыми-әдістемелік семинар кәсіби диалог құруға және алдағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.
Жаңалықтар
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ: ТЕОРИЯДАН КӘСІБИ ҚЫЗМЕТКЕ ДЕЙІН
Buketov University