Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: UNIVERSITY OF GDAŃSK УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: UNIVERSITY OF GDAŃSK УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ДӘРІС ОҚЫЛДЫ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті заң факультетінің докторанты Байкенжина Ш.Т. Польшаның University of Gdańsk университетінің заң факультетінде шақырылған лектор ретінде дәріс оқыды.Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті заң факультетінің докторанты Байкенжина Ш.Т. Польшаның University of Gdańsk университетінің заң факультетінде шақырылған лектор ретінде дәріс оқыды.
2026 жылғы 13 қазанда Польша университетінің студенттеріне ағылшын тілінде «Effective Mechanisms for Corporate Dispute Resolution: A Comparative Analysis of Central Asian and European Union Practices» («Корпоративтік дауларды шешудің тиімді тетіктері: Орталық Азия елдері мен Еуропалық одақ тәжірибесінің салыстырмалы талдауы») тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді.
Дәріс тақырыбы Байкенжина Ш.Т.-ның Қазақстан Республикасындағы корпоративтік дауларды шешудің теориялық және практикалық мәселелеріне арналған диссертациялық зерттеуімен тікелей байланысты.
Шетелдік университетке дәріс оқуға шақырылуы жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің өзектілігін көрсетіп, халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және заң білімін дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.