9 қазан күні Астана қаласында Кореяның құрылғанына 4358 жыл және Корея Республикасының Қарулы күштеріне 78 жыл толуына орай салтанатты қабылдау өтті.
Қазақстандағы Корея Республикасының Елшісі Чон Ки Хон мен оның жұбайы Чу Чон Вонның шақыруымен өткен іс-шараға тарих факультетінің қызметкерлері Әсел Жанатқызы Мырзахметова мен Игорь Дмитриевич Хлебников қатысты.
Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы ынтымақтастық экономика, ғылым, білім және мәдениет салаларын қамтиды. Екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуда академиялық алмасулардың, бірлескен ғылыми зерттеулердің және университеттер арасындағы байланыстың маңызы зор. Қазақстандағы корей диаспорасы екі елді байланыстыратын маңызды көпір қызметін атқарып, өзара түсіністікті нығайтуға және мәдени байланыстарды сақтауға үлес қосып келеді.
Қазақстандағы корейлер тарихын, соның ішінде жер аудару оқиғалары мен олардың кейінгі кезеңде қазақстандық қоғамға кірігу үдерісін зерттеу тарихи жадыны сақтауға және ғылыми диалогты кеңейтуге мүмкіндік береді. Зерттеушілердің осындай іс-шараларға қатысуы ғылыми және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Жаңалықтар
Астанада Корея Республикасының ұлттық мерекесіне орай салтанатты қабылдау өтті
Buketov University