Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОҒЫСҚАН ОРТА!

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫЛАР ТОҒЫСҚАН ОРТА!
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында жоғары мектеп оқытушысының педагогикалық-психологиялық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында халықаралық ғылыми-педагогикалық тағылымдама өтуде.
12–21 қазан аралығында университетіміз Әлішер Науаи атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университетінің делегациясын қабылдауда.
Делегация құрамында психология, педагогика және әлеуметтану салаларында еңбек етіп жүрген жетекші ғалымдар мен сарапшылар бар:
Аслонов Илхом Низомович — психология ғылымдарының кандидаты, доцент, кафедра меңгерушісі;
Сатторов Вахоб Накшбандевич — педагогика ғылымдарының кандидаты;
Рахмонов Дусмурод Абдиназарович — әлеуметтану ғылымдары бойынша PhD докторы, доцент;
Тошматов Бобохон Эгамшукурович — психология ғылымдары бойынша PhD докторы, доцент міндетін атқарушы;
Гуллиева Юлдузхон Юлдошевна — педагогика ғылымдары бойынша PhD докторы, аға оқытушы;
Жобборова Гульноза Кадамовна — аға оқытушы.
Тағылымдама аясында тәжірибе алмасу, ғылыми пікірталастар өткізу, оқытудың озық әдістемелерін талқылау және болашағы зор зерттеу жобаларын бірлесіп әзірлеу жоспарланған.
Халықаралық тағылымдама қатысушыларына жемісті жұмыс, мазмұнды кездесулер және кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерін тілейміз!