Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ГАНДБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ГАНДБОЛДАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ
«Жігіттің сұлтаны» спорт кешенінде шетелдік қонақ дәріскер, Өзбекстандағы Наманган мемлекеттік педагогикалық институтының PhD докторы, аға оқытушысы Болтабаев Шерзод Олимжон Углидің жетекшілігімен гандболдан шеберлік сабағы өтті.
Мейман дәрісіне Қарағанды облысының ерлер арасындағы гандболдан құрама командасы қатысты. Олардың құрамында
ҚарҰЗУ түлектері де бар.
Сабақ барысында университетіміздің Дене мәдениеті және спорт факультетінің студенттері ойынның негізгі ережелерімен және командалық өзара әрекеттесу ерекшеліктерімен танысты. Сонымен қатар назар жылдамдығының, допты дәл берудің, тактикалық ойлаудың және командалық үйлесімділіктің маңызын тәжірибе жүзінде бағамдады.
Өзбекстандық қонақтың іс-сапары барысында студенттерге дәріс оқылып, тәжірибелік дәрістер өткізіледі. Оған қоса білім ордамыздың оқытушыларына арналған шеберлік сағаттарын ұйымдастырады. Сабақтар жоғары білім беру жүйесінде спорттық ойындарды оқытудың заманауи технологияларына арналады.