Жаңалықтар

ГЕРМАНИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢГЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДЕ

ГЕРМАНИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕ – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЗАҢГЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДЕ
2026 жылғы 5–9 қазан аралығында Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушылары К.С. Әмірбек пен М.Ю. Әбдакимова Германияның Дюссельдорф қаласындағы Генрих Гейне атындағы университет пен Maqsut Narikbayev University жанындағы Әкімшілік және неміс құқығы ғылыми мектебі бірлесіп ұйымдастырған «Германияда заңгерлік білім беруді ұйымдастыру. Заңи казустарды шешу әдістемесі» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсынан өтті. Оқу DAAD қаржылық қолдауымен ұйымдастырылды.
Курс аясында қатысушылар неміс құқықтық білім беру тәжірибесімен танысып, оны Қазақстанның заңгерлік білім беру жүйесінде қолдану мүмкіндіктерін қарастырды.
Оқыту командалық форматта өтті. Қазақстанның және басқа елдердің университет өкілдері, студенттер мен магистранттар үш командаға бірігіп, Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасына негізделген практикалық кейстерді шешті. Қатысушылар немістің case solving әдістемесін қолдана отырып, құқықтық казусты талдаудың барлық кезеңдерінен өтті.
Семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, практикалық дағдыларды дамытуға және неміс әдістемесін отандық заңгерлік білім беруде қолдану мүмкіндіктерін зерделеуге жол ашты.
Курс қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды.