Іс-шара

Бірінші курс студенттерін қабылдау кеші

Студенттік өмірдің ең жарқын әрі ұмытылмас сәті келіп жетті. Жаңадан қадам басқан бірінші курс студенттерін салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау кешіне шақырамыз.
Бұл кеште сіздерді танымал өнер иелерінің мерекелік концерті, көтеріңкі көңіл-күй күтеді. Жастардың басын қосатын бұл кеш жаңа достар табуға тамаша мүмкіндік. Әрі студенттік өмірдің естен кетпес алғашқы жарқын естелігі болары сөзсіз.

Күні: 14 қазан.
Тіркелу уақыты: 14:00-ден бастап.
Басталуы: 16:00.
Өтетін орны: "Жастар" спорт кешені.