Аударма теориясы мен практикасы кафедрасына қош келдіңіз!
«Аударма теориясы мен практикасы» кафедрасы бітіруші кафедра болып табылады және бакалавриат бойынша 6В02301 – «Аударма ісі» және магистратура бойынша 7М02303 – «Тіл біліміндегі аударма және SMART технологиялары» білім беру бағдарламалары шеңберінде тіл білімі және аударма ісі саласындағы мамандарды дайындайды.
Мамандарды даярлау екі траектория бойынша жүзеге асырылады: «Жазбаша және іскерлік коммуникация саласындағы аударма» және «Ауызша және кәсіби коммуникация саласындағы аударма». Оқу бағдарламасына практикалық фонетика, грамматика, ауызша және жазбаша сөйлеу тәжірибесі, шетел тілінде сөйлеуді тыңдау, стилистика, лексикология, морфология, синтаксис сияқты пәндер енгізілген. Студенттер ғылыми-техникалық, заңгерлік, экономикалық, коммерциялық құжаттамамен жұмыс істеуді үйренеді, дипломатиялық мәтіндерді, ақпараттық технологиялар саласындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктерін зерттейді, көркем аударма аясында студенттер проза, поэзия, драматургия және әдеби сынның аудармасын зерттейді. Сонымен қатар ілеспе аударманы үйрету де қолға алынған. Бұл мамандықты игергісі келетін студенттер оқу, арнайы тестілеу және әңгімелесу нәтижелері бойынша іріктеледі. Студенттер таңдау үшін екі шетел тілін оқиды: неміс, француз, түрік, қытай. Екінші шетел тілін оқу міндетті болып табылады және 2 курстан басталады.
Бағдарламаның соңында түлектер аудармашы, редактор болып жұмыс істейді, сыртқы байланыстар бөлімін басқарады, оқу орталықтарында шет тілдерінен сабақ береді.
Магистратураның білім беру бағдарламасының мақсаты – нарық сұранысына сәйкес соңғы технологиялық шешімдермен дәстүрлі аударма әдістерін қолдану үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік дағдылары бар, аударма және тіл біліміндегі Smart - технологиялары саласында жоғары білікті мамандарды дайындау. Магистратура аясындағы дайындық оны сәтті аяқтаған жағдайда филология ғылымдарының магистрі дәрежесін алуға мүмкіндік береді.
Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстары тіларалық және мәдениетаралық қарым-қатынастың, аударматану, аударма теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелерін зерттеумен байланысты. Қазіргі уақытта кафедра Қазақстан Республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің «Араластырылған оқыту бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттырудағы фасилитаторлар: тиімділікті бағалау, әдістеме, құзыреттіліктерді дамыту векторлары» гранттық жобасы әзірленуде, жетекшісі – Шелестова Т. Ю. болып табылады.
Сонымен қатар, кафедра дуальды оқытуды жүзеге асырады – бұл білім беру ұйымында оқытуды кәсіпорындағы (ұйымдағы) өндірістік оқытудың міндетті кезеңдерімен біріктіретін, білім беру мекеме, студент және жұмыс орынды қамтамасыз ететін кәсіпорынның (ұйымының) бірдей жауапкершілігі бар кадрларды даярлаудың нысаны.
Дуальді оқыту студент, өндірісте оқыту және кәсіптік практика үшін жұмыс орнын қамтамасыз ететін кәсіпорын (ұйым) және оқу орнында оқуды өтудің шарттары мен тәртібін реттейтін жазбаша келісім - шарт негізінде жүзеге асырылады.

Buketov University