Тіл білімі мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасы

Ректордың 2013 ж. 19 наурыздағы №310 бұйрығына сәйкес Шетел тілдері факультетінің базасында тілдік білім беру мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу зертханасы құрылды.

Ғылыми-зерттеу зертханасының мақсаты - лингвистика мен шетел тілін оқыту салаларында ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу және оның нәтижесін оқу тәжірибесіне енгізу.

Ғылыми-зерттеу зертханасының қызмет бағыттары:

ғылыми және білім беру қызметі:

студенттердің ғылыми-зерттеу әрекетін үйлестіру, докторлық, магистрлік диссертациялар мен дипломдық жұмыстар және стартап жобалардың шеңберінде қолданбалы зерттеулер жүргізу;

жариялау қызметі:

монографияларды, сөздіктерді, оқу-әдістемелік әдебиеттерді, шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялар материалдарында және Scopus пен Web of Science деректербазаларында индекстелген ғылыми мақалаларды басып шығару;

іске асыру жөніндегі іс-шаралар:

кафедралар мен оқу орындарының филиалдары негізінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мақұлдау, оқытудың барлық деңгейлерінде (мектеп-колледж-ЖОО) ғылыми-зерттеу және оқу үдерісін біріктіру;

инновациялық қызмет:

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру шеңберінде бастамашылық және ғылыми жобаларды жүзеге асыру;

ұйымдастырушылық қызмет:

лингвистика және шет тілін оқыту мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу;

кеңес беру қызметі:

студенттерге, оқытушыларға және ғылыми қызметкерлерге ғылыми зерттеу әдістемесі бойынша ғылыми-консультативтік қолдау көрсету, зерттеу сапасын бақылау, зерттеу жұмыстарына шолу жасау.

Қызмет бағыттарына сәйкес зертханада факультеттің ғылыми қызметін жүзеге асыру үшін қажетті келесі жұмыс түрлері жүргізіледі:

  • докторлық, магистрлік және дипломдық диссертациялар шеңберінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жүргізіп, оларды сынақтан өткізу. Студенттерді ғылыми қызметке барынша тартуға, зерттелетін құбылыстарды талдауға ғылыми бағытталған көзқарасты қалыптастыруға ықпал ететін зерттеулер жүргізу;

  • Scopus, Web of Science деректер базасында индекстелген ғылыми мақалаларды дайындау және басып шығару (мақалалар зертханада талқыланып қаралады);

  • университет оқытушылары шығарған шет тілдеріндегі ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруға сараптама жүргізіп ұсыныс жасау;

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыруы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын университетішілік қаржыландыру шеңберінде зерттеулер жүргізу. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы жүргізген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таратып танымал ету.Ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу үрдісінде пайдалану;

  • халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытып, бірлескен ғылыми зерттеулер мен ғылыми іс-шараларды өткізу үшін халықаралық ғылыми ұжымдарды құру.

Зерттеулердің басым бағыттары:

  • көптілді (үштілді) білім берудің теориясы мен әдістемесі

  • шетел тілдерін ерте оқыту

  • кәсіптік білім берудің лингводидактикалық негіздері

  • құрылымы әртүрлі тілдердегі тілдік бірліктерді лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттеу

  • салыстырмалы педагогика және этнопедагогика

Ғылыми байланыстар:

  • Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей

  • Яковлев И.Я. атындағы Чуваш мемлекеттік педагогикалық университеті, Ресей

  • Ататүрік университеті, Турция

  • Шихэцзы университеті, Қытай

  • Сүлеймен Демирел университеті

  • Қазақстандағы Гёте институтының филиалы, Алматы қ.

  • Француз альянсы

Ғылыми жобалар:

2018-2020 ж.: Қазақ тіліндегі аспект категориясының дамуы мен қызмет ету үлгілері және оны ағылшын тілінің аспект категориясымен салыстырмалы талдау (Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., профессор Какжанова Ф.А)

2021-2023ж.: Қашықтықтан білім беруде пәндік және тілді біріктірілген оқытуды (CLIL) ресурстық қолдау (Ғылыми жетекшісі: п.ғ.д., профессор Жетписбаева Б.А.)

2021-2023ж.: Шетелдік білім беру контекстіндегі ұлттық болмыстың лингвокогнитивті және дискурсивті негіздері (Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Исина Г.И.)

2021-2023ж.: Аралас оқытуда мұғалімдердің кәсіби дамуының фасилитаторлары: өнімділікті бағалау, әдістеме және құзыреттілікті дамыту векторлары (Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Шелестова Т.Ю.)

2022-2024 ж.: Жоғары оқу орнында қашықтықтан оқыту жағдайында оқытушының жеке цифрлық білім беру ортасын жобалауда Smart-технологияларды енгізу (Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Саржанова Ғ.Б.)

2023-2025ж.: Ресми және бейресми жоғары білімнің жақындасу жағдайында кәсіби шетел тілін оқытуды жүзеге асырудың ғылыми-әдістемелік негіздері (Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., қауымдастырылған профессорТлеужанова Г.К.)

2023-2025ж.: Қазақстан контекстіндегі шетел тілді білім беру SMART ортасының коннективистік моделі: қажеттілікті негіздеу, қолжетімділікті талдау және даму стратегиясы (Ғылыми жетекшісі: PhD, қауымдастырылған профессор Шелестова Т.Ю.)

2023-2025ж.: Тілдік білім беру ортасын аксиологизациялау жағдайында қостілді білім берудің педагогикалық стратегиялары мен механизмдері (Ғылыми жетекшісі: Жұман А.Қ.)

Ұсынылатын қызметтер:

• Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінде профессорлық-оқытушылық құрамды тілдерді оқытудың жаңа мазмұнын әзірлеу;

• ғылыми-педагогикалық кадрларды үздіксіз тілдік оқытудың оқу-әдістемелік базасын құру;

• мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында шетел тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын енгізу.