«Қолданбалы механика және робототехника» ғылыми зерттеу зертханасы

Зертхана 2016 жылдан бері жұмыс істейді. Бастапқы кезеңде зертхананың негізгі жұмысы қажетті функционалды ерекшеліктерге ие ұшқышсыз ұшу аппараттарын жобалау және құрастыру болды.

Зертханада ұшқышсыз ұшу аппараттарының желісі әзірленді:

планер, екі гексакоптер, квадрокоптер және жиналмалы квадрокоптер.

Ғылыми-зерттеу зертханасында келесі бағыттар дамытылады:

қада іргетастарды салуға арналған геоақпараттық мәліметтер базасын әзірлеу; - трипод типті жаңа параллель роботтардың кинематикасын, динамикасын және қозғалыс симуляциясын зерттеу; - аз ресурсты тілдерге арналған нейрондық машиналық аударма әдістерін әзірлеу және зерттеу; - жасанды интеллект және нейрондық желілер.

Сонымен қатар, зертханада келесі бірлескен зерттеулер жүргізіледі:

биология-география факультетімен бірге магнит өрісінің өсімдіктердің өсуіне әсерін зерттеу және гидропоникалық қондырғыларды автоматтандыру; физика-техникалық факультетімен бірге жылу оқшаулағыш материалдардың қасиеттерін зерттеу. «Қолданбалы механика және робототехника» ғылыми-зерттеу зертханасының базасында «Механика», «Ақпараттық жүйелер және технологиялар» білім беру бағдарламалары бойынша магистранттарды даярлау жүзеге асырылады. «Қолданбалы механика және робототехника» зертханасында 2024–2026 жылдарға арналған гранттық және бағдарламалық-мақсатты

Қаржыландыру аясында келесі жобалар орындалады:

1. ГФ жобасы «Жоғары білім беру жүйесінде бейімделген жеке оқытуды жүзеге асыру үшін жасанды интеллект технологиялары» (жоба жетекшісі – аға ғылыми қызметкер Казимова Д.А.) 

2. «Жас ғалым» жобасы «Серпімді негіздегі функционалды-градиентті арқалықтардың иілуі мен еркін тербелістерін есептеудің жетілдірілген әдісі» (жоба жетекшісі – Нургозиева А.Ж., ғылыми кеңесші – С.Б. Ахажанов).