«Физика-химиялық зерттеу әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының 3.04.2008 ж. №58 бұйрығына, ректордың 12.02.2009 ж. №156 бұйрығына сәйкес Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ жанында ұйымдастырылды. Зертхана «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Физика-химиялық зерттеу әдістері зертханасы ҚарУ профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларының дипломдық жұмыстарын, магистрлік және PhD-диссертацияларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау деңгейін арттыруға ықпал ететін хроматографиялық және спектрлік талдау үшін заманауи аспаптармен жабдықталған.
Зертхананың жоғары білікті персоналы талдауларды тиісті деңгейде орындайды
Мамандар нақты зерттеу міндетін шешу әдісін әзірлеу кезінде білім алушыларға консультациялық көмек көрсетеді. Магистранттар мен докторанттардың сынама дайындау әдістері және спектрлік және хроматографиялық талдау аспаптарымен жұмыс істеу туралы түсінік ала отырып, талдаулардың орындалу барысын бақылауға мүмкіндігі бар.
Ғылыми бағытызаманауи ғылыми деңгейде объектілердің кең спектріне физика-химиялық талдау жүргізу, іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау.
Міндеттері:
«Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарУ» КЕАҚ ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарын аналитикалық қамтамасыз ету;
физика-химиялық талдау әдістерін әзірлеу және жетілдіру;
шаруашылық шарт зерттеулерін орындау.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің ережелері мен рәсімдеріне сәйкес физикалық-химиялық сынақтар және басқа да жұмыстар жүргізу.
сынақтар мен талдауларды жүргізудің толықтығы мен дұрыстығын, нәтижелердің объективтілігі мен нақтылығын қамтамасыз ету.
талдау нәтижелерін түсіндіруде және оның деректерін статистикалық өңдеуде ғылыми-әдістемелік көмек.
зертхана қызметтерінің сапа менеджменті жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
экспериментті жоспарлау және физика-химиялық талдау деректерін өңдеу саласында теориялық және эксперименттік зерттеулер жүргізу.
жаңа салаларда физика-химиялық талдау әдістерін қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
гранттық, шаруашылық шарт және бастамашылық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Ғылыми зертханалар:
– хромато масс-спектроскопия және тиімділігі жоғары сұйықтық хроматография зертханасы;
– молекулалық спектроскопия зертханасы;
– атомдық спектроскопия зертханасы;
Ғылыми байланыстар:
Томск политехникалық университеті, Ресей.
Ғылыми-технологиялық жабдық:
5975 inert XL масс-спектрометрі бар Agilent 7890A газ хроматографы
Shimadzu фирмасының LC-20 Prominence жоғары тиімді сұйықтықты хроматографы
UV-1800 Shimadzu екісәулелі сканерлеуші спектрофотометрі
Лазерлік атомдық-эмиссиялық спектрометр
FSM 1201 инфрақызыл Фурье-спектрометрі
AA 140 Varian атомдық-абсорбциялық спектрометрі
Agilent 4210 MP-AES атомдық-эмиссиялық спектрометрі
БЭ-4 бидистилляторы.