Қолданбалы математика институты академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Басқарма Төрағасы – Ректордың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 1098 бұйрығымен ұйымдастырылған.
Қолданбалы математика институты «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімі болып табылады.
Қолданбалы математика институтының құрылымы:
- математикалық физика теңдеулер зертханасы;
- модельдер теориясы зертханасы;
- қолданбалы логика зертханасы;
- дифференциалдық теңдеулер зертханасы.
Қызмет бағыты:
ғылыми және білім беру қызметі: ғылыми қызмет саласындағы мамандарды, атап айтқанда бакалаврларды, магистрлерді, PhD докторларын даярлау;
баспа қызметі: монографияларды, оқу әдебиеттерін, Scopus және Web of Science дерекқорында индекстелген шетелдік басылымдарда, халықаралық конференциялар материалдарында ғылыми мақалаларды жариялау;
жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар: «Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер», «Профессор Т.Ғ.Мұстафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия», «Математика және информатиканы оқыту әдістемесі», «Қолданбалы математика және информатика» кафедраларының негізінде зерттеу нәтижелерін апробациялау;
инновациялық қызмет: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми жобаларды жүзеге асыру;
ұйымдастырушылық қызметі: қазіргі және қолданбалы математиканың өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар өткізу;
кеңес беру қызметі: студенттерге, оқытушыларға және ғылыми қызметкерлерге ғылыми зерттеулердің әдістемесі бойынша ғылыми-консультативтік қолдау көрсету, ғылыми жұмыстарды қарастыру.
Ғылыми байланыстар:
Universite Claude Bernard Lyon-1, Villeurbanne, France;
Bahcesehir University, Istanbul, Turkey;
Abu Dhabi University, Abu Dhabi, UAE;
М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Мәскеу қ., Ресей;
РҒА Кабардин-Балқар ғылыми орталығының қолданбалы математика және автоматтандыру институты, Нальчик қ., Ресей;
РҒА С. Л. Соболев атындағы математика институты, Новосибирск қ., Ресей;
Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан ұлттық университеті, Ташкент қ., Өзбекстан;
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының В. И. Романовский атындағы математика институты, Ташкент қ., Өзбекстан;
Ресей халықтар достығы университеті, Мәскеу қ., Ресей;
Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының математика институты, Бішкек қ.;
Цифрлық үкіметті қолдау орталығы, Астана қ;
Математика және математикалық модельдеу институты, Алматы қ.;
Назарбаев Университеті, Астана қ.;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ.;
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ.;
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.;
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ.
Іске асырылудағы жобалар:
1. AP23488729 «Шекаралары өзгеретін облыстардағы бөлшек ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер мен ілесетін ерекше интегро-дифференциалдық теңдеулер» (2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі ф.-м.ғ.д., профессор Рамазанов М.И.
2. AR23489523 «Бекітілген йонсондық теорияның семантикалық моделінің анықталған ішкі жиындарының фрагменттері» (2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі ф.-м.ғ.д., профессор Ешкеев А.Р.
3. AR23489523 «Бөлшек ретті операторы бар жүктелген дифференциалдық теңдеулер мен интегралды-дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептер: шешімдердің бар болуы және құрылуы» (2024-2026 жылдарға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі PhD, қауымдастырылған профессор Космакова М.Т.
4. AR22587134 «Бөлшек ретті дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есептерді шешуде q-есептеуді қолдану» («Жас Ғалым» 2024-2026 жж. жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі PhD Токмагамбетов Н.С.
5. АР22686827 «Мұралы йонсондық теориялардың централды типтері» («Жас Ғалым» 2024-2026 жж. жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі PhD Жұмабекова Г.
6. АР22686796 «Фрагменттердің гибридтері және олардың кішігірім модельдері» («Жас Ғалым» 2024-2026 жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру), жоба жетекшісі PhD Мусина Н.