ҚарМУ ректорының 27.10.2010 ж. №2154 бұйрығымен рухани құндылықтар мен халық ақындары мен шешендерінің шығармаларын зерделеу және жариялау үшін Қазақ халқының рухани мұрасын зерттеу институты ашылды.
Негізгі ғылыми бағыты - тілді, оның тарихын, әдебиет теориясын және халық мұрасын зерттеу.
Мақсаты мен міндеттері:
- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларының міндеттерін жүзеге асыруға барынша ықпал ету.
- қазақ халқының рухани құндылықтарын жинау және басып шығару.
Зерттеу бағыттары:
- жиналған рухани құндылықтарды ғылыми талаптарға сай жанрлық, тақырыптық және мерзімді жүйелеу;
- тарихи орындар мен олжалардың фотосуреттері мен бейнелеріне ғылыми талдау;
- жиналған материалдар негізінде студенттерге, магистранттарға, докторанттарға арналған дипломдық, магистрлік және докторлық жұмыстарды жазу;
- зерттеу нәтижелерін тұжырымдау және ғылыми мақалалар мен монографияларды жариялау;
- бірегей (оригинальный?) жиналған материалдардан аса құнды мұра қорын ұйымдастыру.
Ғылыми байланыстар:
Қытайдың Чжэнчжоу университеті;
Стерлитамак мемлекеттік университеті, Башқұртстан, Ресей.
Іске асырылған жобалар:
1. Жарияланбаған мұралардың, атап айтқанда шешендер, халық ақындар мұрасының, қисса, мәтел, айтыстардың он томдық жинағын шығару (2021-2027);
2. Ұлттық салт-дәстүрлер бойынша оқулықты дайындау және басып шығаруПодготовка и издание учебника по национальным традициям (2022 ж.);
3. Шетелдегі қазақ халық ақындарының шығармаларын зерттеу және арнайы монография шығару (2022 ж.).