«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығы

Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми кеңесінің 2013 жылғы 10 қазандағы шешіміне сәйкес «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ректордың 05.02.2014 ж. №141 бұйрығымен тарих факультеті базасында «Тұлғатану» пәнаралық ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Ғылыми бағыттар:

  • Тарихи даралық: теория және әдіснама
  • Дүниежүзілік және отандық тарихтағы тұлғаның рөлі
  • Орталық Қазақстан этностарының тарихы
  • Тарихи тұлғалар және рухани жаңғыру

Мақсаты - тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін, олардың рухани мұрасын және қоғам дамуындағы рөлін зерттеу. «Тарихты тұлғалар жасайды» тезисі мен «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы негізге алынды.

Ғылыми байланыстар:

– М.В. Ломоносов атындағы ММУ ААЕИ, Ресей – т.ғ.д., профессор Ж.С. Сыздыкова

– Дж. Неру университеті, Нью Дели, Үндістаня – PhD докторы Гаур Пунит

– Дж. Неру университеті жанындағы Азияны зерттеу орталығы, Нью Дели, Үндістан – PhD докторы Мундира Дутта

– Баден-Вюртемберг жерінің интеграция министрлігі – референт, PhD докторы А.Буллер

– Люциан Блага университетінің тарих, мәдени мұра және протестанттық теология департаменті, Румыния

– Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Қазақстан

– Академик Қ.И. Сәтбаев атындағы Баянауыл мемориалдық музейі, Қазақстан.

Серіктестік қолдау:

  • Қарағанды облысы Ішкі саясат бөлімі
  • «Saryarqaaqparat» медиахолдингі
  • Қарағанды облысының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі
  • Қарағанды облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ («Қазақтану» жобасы)
  • Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
  • Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы
  • «Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы» КММ
  • Қарағанды облысының білім басқармасы
  • Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы
  • «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ.

Серіктестік алаңдар:

  • «Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия» КММ: оқу үдерісіне «Алаш қозғалысы және мемлекетшілдік» курсы енгізілді
  • «М. Жұмабаев атындағы № 39 гимназия» КММ: оқу үдерісіне «Алаш қозғалысы және рухани жаңғыру» курсы енгізілді
  • «Әл-Фараби атындағы мектеп-гимназия» КММ: оқу үдерісіне «Тұлғатану және ұлттық интеллигенция» курсы енгізілді