Блог ректора

Задать вопрос ректору

Отправьте вопрос ректору и следите за опубликованными ответами на этой странице.

УМУРКУЛОВА МАДИНА МАКСИМОВНА
Опубликованные ответы 2
Обратная связь

Написать ректору

Все поля обязательны для заполнения

Ответ будет отправлен на вашу электронную почту. После рассмотрения вопрос и ответ также могут появиться в открытом архиве.

Изображение с проверочным кодом

Контактные поля не публикуются. Не указывайте телефон, электронную почту, ИИН и другие персональные данные в теме и тексте сообщения.

Архив

Последние ответы

Все ответы (2)
Ответ опубликован: 14.09.2026

Курс бойынша

Сіздерде ағылшын тіл мұгалімі курсы барма деп білейін деп едім.Яғни сертификат алып жұмысқа орналаса алатындай менде диплом переводчик английского языка.Бітіргеніме 1 жарм ай болды

Ответ ректора

Сіз «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары біліміңіз негізінде педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы бойынша 5 айлық курстан өте аласыз.
Қайта даярлау 8В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін тиісті үлгідегі сентификат беріледі.
Қайта даярлау бойынша 1 қыркүйектен сабақ басталып кетті, келесі қабылдау қаңтар 2027.
Қосымша ақпарат алу үшін:
📞 +7 747 632 7479

Ответ опубликован: 14.09.2026

Жолданған сұраныс хаттың орындалмауы.

Құрметті университет басшылығы!

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тарапынан 2026 жылғы 10 қазанда кітапханада өтетін «Мен неге Қасымды оқимын?» атты Public Talk форматындағы баяндамалар байқауына студенттерді қатыстыру туралы университетке ресми хат жолданған болатын.

Хаттың орындалу барысын білу мақсатында университетке бірнеше рет хабарласқанымызбен, нақты жауап ала алмадық. Бізге хаттың филология факультетінің деканына жіберілгені айтылды. Алайда факультет деканымен байланысқанымызда, мұндай ресми хаттың келіп түспегенін және студенттерді байқауға қатыстыруға жауапты тұлға емес екенін жеткізді. Байқау туралы ақпаратты WhatsApp арқылы жіберіп, студенттер арасында таратуды сұрағанымызда, ресми хатсыз ақпаратты тарата алмайтынын айтты.

Осыған байланысты кітапхана тарапынан жолданған ресми хаттың нақты қай бөлімге және кімге берілгенін анықтап, оның орындалуына ықпал етуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ «Мен неге Қасымды оқимын?» баяндамалар байқауына студенттерді тартуға жауапты тұлғаны белгілеп, оның байланыс деректерін хабарлауыңызды өтінеміз.
Байқауға қатысушыларды уақтылы анықтау қажет болғандықтан, аталған мәселенің жедел шешілуіне көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

Ответ ректора

Сәлеметсіз бе! Хабарламаңыз ескерілді, өтініш назарға алынды. Жауапты тұлға алдағы уақытта міндетті түрде сіздермен байланысқа шығады.