Перенос зимней сессии из-за выезда на чемпионат
Здравствуйте, я выезжаю на чемпионат в Алмату во время зимней сессии, я хотела бы вас попросить, разрешить перенос сессии, необходимая документация и письмо-приказ
Жаңалықтар, бағдарламалар, қызметкерлер және құжаттар
Ректорға жолданған сұрақтар және ресми жауаптар.
Здравствуйте, я выезжаю на чемпионат в Алмату во время зимней сессии, я хотела бы вас попросить, разрешить перенос сессии, необходимая документация и письмо-приказ
Здравствуйте! По этому вопросу необходимо в срочном порядке обратиться в деканат Вашего факультета. Также для рассмотрения Вашего обращения необходимо предоставить официальное письмо на чемпионат, подтверждающее Ваше участие и сроки проведения.
ҚарМУ ректорына
Өтініш беруші: Жүзбаев Алмас Хайроллинович
Телефон: [байланыс дерегі жасырылды]Электрондық пошта: [байланыс дерегі жасырылды]
ӨТІНІШ
Мен, Жүзбаев Алмас Хайроллинович, қызым Хайроллина Аяна Алмасовнаның сенімхат бойынша өкілі ретінде өтініш білдіремін.
Қызыма CUNY оқу орнына құжат тапсыру үшін ҚарМУ-дағы оқуына қатысты ресми академиялық транскрипт қажет. Транскриптте оқыған пәндері, бағалары, кредиттері немесе оқу сағаттары және бағалау шкаласы көрсетіліп, университет тарапынан куәландырылуын сұраймын.
Қызым шетелде Америка құрама штаттарында болғандықтан, жеке электрондық цифрлық қолтаңба ала алмай отыр. Осы себепті eGov порталы арқылы өтініш жолдау мүмкін болмады. Жазбаша өтінішімді қабылдауыңызды сұраймын.
Мүмкін болса, дайын транскриптті университеттің ресми электрондық поштасынан [байланыс дерегі жасырылды] мекенжайына тікелей жіберуіңізді өтінемін. Түпнұсқасын сенімхат негізінде маған беруді немесе [толық пошта мекенжайы] мекенжайына жолдауды сұраймын.
Қосымша: сенімхаттың көшірмесі, оқуын растайтын құжаттың көшірмесі.
Күні: [байланыс дерегі жасырылды]ж. Жүзбаев Алмас Хайроллинович /
Құрметті Алмас Хайроллинович!
Сіздің өтінішіңіз бойынша академиялық транскриптті алу үшін нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасымен университеттің кеңсесіне (отдел канцелярий) келуіңіз қажет.
Сонымен қатар, қызыңыздың құжаттарының сапалы сканерленген көшірмелерін PDF форматында дайындап, өтінішпен бірге тапсыруыңызды сұраймыз.
Қажетті құжаттар:
Сенімхаттың көшірмесі;
Қызыңыздың жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
Оқу фактісін растайтын құжаттың көшірмесі.
Құжаттар толық тапсырылғаннан кейін өтінішіңіз белгіленген тәртіппен қаралатын болады.
Здравствуйте! Хотелось бы узнать подробнее об академической мобильности, в частности о программе Erasmus+. Подскажите, пожалуйста, где можно получить информацию об этой программе и что необходимо сделать, чтобы претендовать на стипендию Erasmus+? Какие требования предъявляются к студентам и как проходит процесс подачи заявки?
Здравствуйте! Подробная информация об академической мобильности размещена на официальном сайте университета: https://karnu-buketov.edu.kz/site/academic-mobility?lang=ru.
Для получения более подробной консультации по условиям участия в программе, в том числе Erasmus+, и порядку подачи документов Вы можете обратиться в Управление международного сотрудничества, кабинет 222 главного корпуса университета.
Основные требования к студентам:
наличие действующего заграничного паспорта;
средний балл успеваемости (GPA) не ниже 2,67;
наличие сертификата, подтверждающего уровень владения иностранным языком не ниже B2;
подготовка необходимого пакета документов.
Сіздерде ағылшын тіл мұгалімі курсы барма деп білейін деп едім.Яғни сертификат алып жұмысқа орналаса алатындай менде диплом переводчик английского языка.Бітіргеніме 1 жарм ай болды
Сіз «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша жоғары біліміңіз негізінде педагогикалық қайта даярлау бағдарламасы бойынша 5 айлық курстан өте аласыз.
Қайта даярлау 8В01705 «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі. Бағдарламаны сәтті аяқтағаннан кейін тиісті үлгідегі сентификат беріледі.
Қайта даярлау бойынша 1 қыркүйектен сабақ басталып кетті, келесі қабылдау қаңтар 2027.
Қосымша ақпарат алу үшін:
📞 +7 747 632 7479
Құрметті университет басшылығы!
Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы тарапынан 2026 жылғы 10 қазанда кітапханада өтетін «Мен неге Қасымды оқимын?» атты Public Talk форматындағы баяндамалар байқауына студенттерді қатыстыру туралы университетке ресми хат жолданған болатын.
Хаттың орындалу барысын білу мақсатында университетке бірнеше рет хабарласқанымызбен, нақты жауап ала алмадық. Бізге хаттың филология факультетінің деканына жіберілгені айтылды. Алайда факультет деканымен байланысқанымызда, мұндай ресми хаттың келіп түспегенін және студенттерді байқауға қатыстыруға жауапты тұлға емес екенін жеткізді. Байқау туралы ақпаратты WhatsApp арқылы жіберіп, студенттер арасында таратуды сұрағанымызда, ресми хатсыз ақпаратты тарата алмайтынын айтты.
Осыған байланысты кітапхана тарапынан жолданған ресми хаттың нақты қай бөлімге және кімге берілгенін анықтап, оның орындалуына ықпал етуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ «Мен неге Қасымды оқимын?» баяндамалар байқауына студенттерді тартуға жауапты тұлғаны белгілеп, оның байланыс деректерін хабарлауыңызды өтінеміз.
Байқауға қатысушыларды уақтылы анықтау қажет болғандықтан, аталған мәселенің жедел шешілуіне көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.
Сәлеметсіз бе! Хабарламаңыз ескерілді, өтініш назарға алынды. Жауапты тұлға алдағы уақытта міндетті түрде сіздермен байланысқа шығады.
Құжатты осы терезеде көрсету мүмкін болмады. Оны жаңа бетте ашып көріңіз немесе түпнұсқасын жүктеп алыңыз.