Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасына қош келдіңіз!
Математикалық талдау және дифференциалдық теңдеулер кафедрасы «Математика» бағыты бойынша бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламалары аясында мамандар даярлауды жүзеге асырады. Кафедрада 6B05401–«Математика» бакалавриат бағдарламасы, 7M01502–«Математика» және 7M05401–«Математика» магистратура бағдарламалары, сондай-ақ 8D05401–«Математика» докторантура бағдарламасыіскеасырылады.
Білім беру бағдарламалары математикалық талдау, дифференциалдық теңдеулер, вариациялық әдістер, оңтайландыру әдістері, математикалық модельдеу және деректерді талдау салаларын қамтитын іргелі және заманауи математикалық дайындыққа бағытталған. Магистранттар мен докторанттарды даярлау педагогикалық және ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыруға бағдарланған.
Кафедраның ғылыми қызметі математикалық физика, бөлшек және жүктеулі дифференциалдық және интегро-дифференциалдық теңдеулер, сондай-ақ функцияларды жуықтау теориясы салаларындағы зерттеулермен байланысты. Кафедрада Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі гранттық қаржыландыратын ғылыми-зерттеу жобалары жүзеге асырылады. Жобаларға ғылыми жетекшілікті кафедра профессорлары атқарады, сонымен қатар зерттеулерді орындауға кафедраның жас ғалымдары мен докторанттары тартылған.
Кафедра түлектері білім беру, ғылым, ақпараттық технологиялар, аналитика және математикалық модельдеу салаларында еңбек етеді.

Buketov University