Кафедра

МАТЕМАТИКАНЫ ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

Оқытушылар: 26 Кафедра меңгерушісі Кафедра тарихы
Кафедра туралы

Математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасына қош келдіңіз!

Кафедра заманауи білім беру және ақпараттық технологиялар негізінде математика және информатика пәнінің мұғалімдерін даярлайды. Студенттер үш траектория бойынша оқи алады: "Математика", "Математика – информатика", "Математика – физика".
Бірінші траектория бойынша "Математиканы оқыту әдістемесі", "Элементар математика", "Математикалық есептерді шешу практикумы", "Стандартты емес есептерді шешу практикумы", "Математикалық сауаттылық негіздері", "Математиканың тарихы мен әдіснамасы" пәндері оқытылады.
Екінші траектория бойынша студенттер "Бағдарламалау технологиялары", "Python тілінде бағдарламалау", "Компьютерлік графика және анимация" пәндерін меңгереді. Кафедра университеттің барлық факультеттерінде ағылшын тілінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытады. Бітірушілер мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде, сондай-ақ математика мен информатика саласында мамандандырылған ұйымдарда жұмыс істей алады.
Үшінші траэктория бойынша «Математика-физика» мамандығы бойынша студенттер «Математиканы оқыту әдістемесі», «Элементарлық математика», «Математикалық сауаттылық», «Математикалық есептерді шешудің практикумы» пәндері оқытылады. Бұл пәндер студенттердің логикалық ойлауын, есеп шығару және талдау қабілеттерін дамытады.
Кафедраның ғылыми қызығушылықтары математика және информатика сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану, есептерді шешу әдістері мен бағдарламалау тілдерін зерттеуге бағытталған.
Кафедра құрамы

Оқытушылар