Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ҚҰРАЛЫ ӘЗІРЛЕНДІ!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДА ЖАҢА ОҚУ ҚҰРАЛЫ ӘЗІРЛЕНДІ!
Университетіміздің Әзербайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетімен халықаралық ынтымақтастығы аясында «Қаржы» кафедрасының оқытушылары Doctor of Philosophical and Economic Sciences İbragimova Natavan Vagif-пен бірлесіп, «Innovation in the Financial Sphere» атты оқу құралын әзірледі. Оқу құралында қаржы саласындағы инновациялардың теориялық және әдіснамалық негіздері жүйелі түрде қарастырылып, инновациялардың мәні, жіктелуі, инновациялық үдерістің кезеңдері және инновацияларды басқарудың негізгі құралдары талданады. Ерекше назар банк секторындағы инновациялық трансформацияларға, қор нарықтарындағы инновацияларға, инвестициялық қызметтегі инновациялық үдерістерге, цифрлық активтер мен FinTech-экожүйелерінің дамуына аударылған. Аталған бағыттар қазіргі қаржы жүйесінің бәсекеге қабілеттілігіне елеулі ықпал ететін маңызды факторлар ретінде қарастырылады.
Оқу құралы экономикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ қаржы саласындағы зерттеушілер мен практик-мамандарға арналған. Оқу құралы заманауи жағдайларда қаржылық инновацияларды реттеу, тиімділігін бағалау және енгізу тетіктері туралы тұтас түсінік қалыптастыруға бағытталған. Бұл оқу құралы — халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және қаржы саласындағы заманауи білімді дамытуға бағытталған бірлескен жұмыстың нәтижесі.