2026 жылғы 17 қыркүйекте Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде Huawei ICT Competition Roadshow 2026–2027 өтті.
Іс-шараға Huawei компаниясының өкілдері, білім алушылар, сондай-ақ физика-техникалық факультеті мен математика және ақпараттық технологиялар факультетінің профессор-оқытушылық құрамы қатысты.
Іс-шара барысында физика-техникалық факультетінің деканы Т.М. Серіков сөз сөйлеп, студенттердің халықаралық технологиялық байқауларға қатысуының кәсіби құзыреттерін, практикалық дағдыларын дамыту және халықаралық тәжірибесін кеңейту үшін маңыздылығын атап өтті.
Huawei компаниясының таланттарды басқару жөніндегі менеджері Нұрсая Аратбаева Huawei ICT Academy экожүйесінің мүмкіндіктерін таныстырып, Huawei ICT Competition 2026–2027 байқауына қатысу шарттары туралы толық ақпарат берді.
Кездесу барысында қатысушылар байқаудың бағыттарымен, өткізілу кезеңдерімен, қатысу шарттарымен, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кәсіби және мансаптық дамуға беретін мүмкіндіктерімен танысты.
Huawei ICT Competition студенттерге өз білімдері мен практикалық дағдыларын сынауға, заманауи технологиялық шешімдермен жұмыс істеуге және өз құзыреттерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді.
Кездесу қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушыларға Huawei компаниясының естелік сыйлықтары табысталды.
Жаңалықтар
HUAWEI ICT COMPETITION ROADSHOW 2026–2027 ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТТЕРІНДЕ БАСТАЛДЫ!
Buketov University