Жаңалықтар

СТУДЕНТПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СТУДЕНТПЕН АШЫҚ ДИАЛОГ: ОҚУ ҮДЕРІСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы – ректор міндетін атқарушы, Академиялық мәселелер жөніндегі проректор, М.М.Умуркулова Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерімен ашық диалог форматында кездесті.
Жүздесудің негізгі мақсаты – студенттердің оқу үдерісіне қатысты сауалдарына жауап беру, университеттегі академиялық талаптар мен білім алушыларға ұсынылатын мүмкіндіктерді түсіндіру болды.
Кездесу барысында студенттерге оқу сабақтарының ұйымдастырылуы, емтихан тапсыру тәртібі, бағалау жүйесі, GPA және интегралды GPA көрсеткіштерінің мәні, шәкіртақы алу талаптары, өндірістік іс-тәжірибеден өту тәртібі мен мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігіне назар аударылып, университет ұсынатын білім беру және кәсіби даму жолдары туралы айтылды.
Platonus жүйесі, сабаққа қатысу, ағымдағы бағалар, емтихан кезеңі және оқу барысына қатысты басқа да мәселелер бойынша студенттер көкейіндегі сауалдарын ортаға салды. Ашық әңгіме барысында әр сұраққа нақты жауап беріліп, білім алушылардың ұсыныстары тыңдалды.
Кездесу соңында Мадина Максимовна студенттерге оқу жолында сәттілік тілеп, ізденіс пен талаптың әрдайым биік нәтижеге бастайтынын айтып, университеттегі мүмкіндіктерді ұтымды пайдалануға шақырды.