Жаңалықтар

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ — ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМА

КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ — ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМА
Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде «Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында ақпараттық кездесу өтті.
Жиынды университеттің Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі департамент директоры С.М. Мүбарак жүргізді.
Кездесуге Жастар орталығы басшысының орынбасары Ардана Мырзанова арнайы қатысып, студенттерге жобаның мазмұны мен оған қатысу мүмкіндіктерін кеңінен таныстырды. Жүздесу барысында жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және әдебиет арқылы таным көкжиегін кеңейту мәселелеріне назар аударылды.
Әңгіме өзегінде кітап оқудың адамның ойлау жүйесін қалыптастырудағы, білім көкжиегін кеңейтудегі, тіл байлығын арттырудағы және өзіндік пікірін орнықтырудағы маңызы сөз болды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, жобаға қатысуға қатысты нақты жауаптар алды.
Кітапқа қызығушылық — білімге ұмтылыстың, ал тұрақты оқу — үздіксіз ізденістің негізі. Осындай кездесулер жастар арасында оқу мәдениетін орнықтырып, кітапты таным мен тұлғалық дамудың маңызды құралы ретінде қабылдауға ықпал етеді.