Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде құқық саласының өзекті мәселелеріне арналған қонақ дәрісі өтті.
Кездесудің арнайы қонағы – Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университеті Заң институтының Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Назира Эшмухамедовна Абдукаримова.
Қонақ дәрісі барысында криминология саласындағы екі ел тәжірибесі талқыланды.
Іс-шарада жаза институтының қазіргі даму бағыттары, қылмыстық саясаттағы өзгерістер, жазаны ізгілендіру және бас бостандығынан айыруға балама шараларды қолдану мәселелері кеңінен айтылды.
Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстанның құқықтық тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасалып, қылмыстық құқық саласындағы заманауи тәсілдер мен халықаралық тәжірибенің маңызы сөз болды.
Мейман дәрісі – екі елдің ғылыми-құқықтық тәжірибесін тоғыстырып, студенттер мен оқытушылар үшін кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік берген мазмұнды кездесу болды.
Жаңалықтар
ҚАЗІРГІ ЖАЗА ИНСТИТУТЫ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН ТӘЖІРИБЕСІ
Buketov University