Жаңалықтар

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ: ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ
8 қыркүйек күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын айқындауға арналған жиын өтті.
Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Н.А. Жетпісбаевтың бастамасымен өткен кездесуге факультет декандары мен тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлар, сондай-ақ студенттер үйі, психологиялық қолдау орталығы және студенттер сарайының басшылары мен мамандары қатысты.
Жиынның өзегіне студент жастардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін арттыру, олардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру, университеттік ортадағы тәрбие жұмысын жүйелі әрі мазмұнды ұйымдастыру мәселелері арқау болды.
Кездесуде өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар сараланып, жаңа оқу жылына арналған міндеттер нақтыланды. Факультеттердегі тәрбие жұмысының басым бағыттары белгіленіп, алда өткізілетін маңызды іс-шаралар мен байқаулардың жоспары талқыланды. Әр бағыт бойынша міндеттер айқындалып, жұмысты өзара үйлестіруге баса мән берілді.
Кездесу барысында тәрбие жұмысына жауапты жаңадан тағайындалған декан орынбасарлары таныстырылды. Жаңа құрамға алдағы кезеңдегі міндеттер мен жұмыс бағыттары белгіленіп, факультеттердегі жастар саясатын жүйелі жүргізуге қатысты басымдықтар айқындалды.
Сонымен қатар өткен оқу жылында өз міндетін абыроймен атқарып, факультеттердегі тәрбие жұмысының қалыптасуына үлес қосқан декан орынбасарларына Н.О.Дулатбековтің атынан алғыс хаттар табысталды. Еңбекке көрсетілген құрметтің белгісі ретінде имидждік естелік сыйлықтар табысталды.