Бөкетов ұлттық университеті қызметкерлерінің Адам Мицкевич атындағы университетінде (Познань қаласы) өтіп жатқан халықаралық ғылыми тағылымдамасы аясында қатысушылар университеттің ғылыми-зерттеу бөлімшелерімен, заманауи зерттеу бағыттарымен және халықаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысуды жалғастыруда.
Нанотехнология және функционалды материалдар
Тағылымдама қатысушылары NanoBioMedical Centre (CNBM) және Prof. dr hab. Igor Iatsunskyi жетекшілік ететін Laboratory of Functional Materials зертханасының ғылыми қызметімен танысты.
Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары — нанотехнология, материалтану, биотехнология және нанобиомедицина. Атап айтқанда, наноқұрылымдарды әзірлеу және функционализациялау, олардың оптикалық, электрлік және биологиялық қасиеттерін зерттеу, сондай-ақ наноматериалдарды сенсорикада, медицинада және энергетика саласында қолдану мәселелері қарастырылды.
Ғылыми пікірталастарға dr hab., prof. UAM Olena Ivashchenko, dr hab. Bartosz Grześkowiak, dr Patryk Florczak, dr Karol Załęski және dr Tomasz Szymański қатысты.
Психологиядағы заманауи зерттеу әдістері
Психология кафедрасының өкілдері Qualitative and Mixed Methods in Clinical Psychology Research Lab және Psychophysiology Lab: Gaming & Streaming зертханаларының жұмысымен танысып, зерттеушілермен кәсіби кездесу өткізді.
Кездесу барысында эксперименттік зерттеулер жүргізудің заманауи тәсілдері, ғылыми деректерді жинау және талдау әдістері, статистикалық қуаттылық пен зерттеу нәтижелерінің сенімділігін бағалау мәселелері талқыланды.
Тіл, көптілділік және білім беру
2–5 қыркүйек аралығында Шетел тілдері факультетінің өкілі The 14th International Conference on Third Language Acquisition and Multilingualism халықаралық конференциясына қатысты.
Халықаралық ғылыми басқосу үшінші тілді меңгеру, көптілділік және тілдік білім беру салаларындағы заманауи зерттеулерге арналды. Конференция аясындағы пікір алмасу осы бағыттағы өзекті ғылыми мәселелерді талқылауға және халықаралық академиялық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік берді.
Тарих ғылымы және ғылыми ресурстар
Тарих факультетінің өкілі Faculty of History, Collegium Historicum UAM факультетіне барып, факультет деканы Prof. Lucyna Błażejczyk-Majka және кітапхана қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында кітапхана қорлары, электрондық дерекқорлар мен ғылыми ресурстар таныстырылып, экономикалық тарих және Польшадағы кеншілер тарихына қатысты зерттеу бағыттары талқыланды.
Сонымен қатар тағылымдама қатысушылары UISPP XXI Дүниежүзілік конгресі аясындағы ғылыми іс-шараларға қатысып, Тюбинген университетінің профессоры Nicholas Conard дәрісін тыңдады.
Ғылыми байланыс – жаңа мүмкіндіктерге бастар жол
Халықаралық тағылымдама аясындағы ғылыми кездесулер мен зертханалардағы жұмыс, академиялық пікір алмасу және ғылыми ресурстармен танысу қатысушылардың кәсіби құзыреттерін жетілдіруге мүмкіндік беруде.
Бөкетов ұлттық университеті мен Адам Мицкевич атындағы университеті арасындағы ынтымақтастықтың нығаюы — екі жоғары оқу орнының ғылыми әлеуетін ұштастырып, ортақ зерттеулер мен жаңа академиялық бастамаларға жол ашатын маңызды қадам.
Жаңалықтар
ШЕКАРАСЫЗ ҒЫЛЫМ : ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Buketov University