Жаңалықтар

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ ТҰСБАҒАРЫ: БІЛІМНЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ДЕЙІН

БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ ТҰСБАҒАРЫ: БІЛІМНЕН МҮМКІНДІКТЕРГЕ ДЕЙІН
2026 жылдың 1 қыркүйегінде Бөкетов университетінің бірінші курс студенттері үшін YouTube арнасында тікелей эфирде «Бірінші курс студентіне арналған навигация: білімнен мүмкіндіктерге дейін» атты ақпараттық интенсив өтті.

Бағдарлама аясында 7 бағыт-бағдар беретін дәріс ұйымдастырылып, студенттер оқу үдерісінің ерекшеліктерімен танысты. Университет сервистері туралы қажетті ақпарат алып, студенттік өмірдің мүмкіндіктері жөнінде білді.

Дәрістерді Университеттің негізгі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өткізді. Олар: Тіркеуші кеңсе, Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы, Халықаралық ынтымақтастық басқармасы, Заң басқармасы, Комплаенс қызметі, Психологиялық қолдау қызметі, Ғылыми кітапхана және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі департаменті.

Бірінші курс студенттері:
оқу үдерісінің қалай ұйымдастырылатынын;
кітапхананы қалай пайдалануға болатынын;
академиялық ұтқырлықтың қандай мүмкіндіктер беретінін;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар туралы нені білу маңызды екенін;
қажетті көмек пен қызметтерді қайдан алуға болатынын;
студенттерге арналған әлеуметтік және жастар жобаларының қандай мүмкіндіктер ұсынатынын білді.

Мұндай кездесулер бірінші курс студенттерінің университет өміріне тезірек бейімделуіне, оқуын сенімді бастауына және университеттік ортаға белсенді араласуына мүмкіндік береді.

Бөкетов университетіне қош келдіңіздер!
Студенттік жылдарыңыз жарқын, мазмұнды әрі табысты болсын!