Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңында, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Жастар алаңында салтанатты іс-шара өтті.
Биыл қара шаңырақ – оқу орнымыздың студенттерінің қатары еліміздің әр өңірінен келген 5 мыңға жуық бірінші курс студенттерімен толықты. Олардың барлығын сапалы білім алуға, таңдаған мамандығын меңгеруге және өз әлеуетін жүзеге асыруға деген ұмтылыс біріктіреді.
Жаңа оқу жылының басталуымен білім алушыларды университет проректорлары құттықтады. Өз сөздерінде олар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім мен ғылымды дамытуға айрықша көңіл бөліп отырғанын және бұл салаларға көрсетілетін қолдаудың жыл санап артып келе жатқанын атап өтті. Осы бағытты басшылыққа ала отырып, университет студенттердің сапалы білім алуына, кәсіби тұрғыда дамуына және өз мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруына барлық жағдай жасауға ұмтылады.
Филология ғылымдарының докторы, шетел филологиясы кафедрасының профессоры Нұрсұлу Ибраевна Бөкетова студенттерге ерекше ақжолтай тілегін жеткізді:
«Евней Арыстанұлы “Үлкен дүние қашықтан көрінеді” деген сөзді ұнататын. Бұл бүгінгі күн сіздер үшін жаңа кезеңнің бастауы болып көрінуі мүмкін екенін білдіреді. Алайда оның шынайы маңызын жылдар өткен соң ғана бағалай аласыздар.
Құрметті студенттер, бүгін сіздердің өмірлеріңіздің жаңа тарихы басталады. Сұрақ қоюдан, жауап іздеуден және жаңаны сынап көруден қорықпаңыздар. Ұстаздарыңызды құрметтеңіздер және есте сақтаңыздар: университет адамға тек мамандық беріп қана қоймайды, сонымен қатар өз жолын табуға көмектеседі».
Студенттерге жаңа оқу жылында сәттілік, жарқын жаңалықтар мен үлкен жеңістер тілейміз!
Білім күні құтты болсын!
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ БІЛІМ КҮНІ
Buketov University