Жаңалықтар

ПОЗНАНЬ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ

ПОЗНАНЬ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ АЛҒАШҚЫ КҮНІ
2026 жылғы 30 тамыз бен 13 қыркүйек аралығында академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ-дың 10 қызметкерінен құралған топ ҚарҰЗУ мен Адам Мицкевич университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында Познань қаласында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтуде.
Тағылымдаманың алғашқы жұмыс күні Польшадағы жетекші жоғары оқу орындарының бірімен, оның академиялық ортасымен, ғылыми қызметінің негізгі бағыттарымен және халықаралық бастамаларымен танысуға мүмкіндік берген Адам Мицкевич университетінде өткен таныстыру кездесуінен басталды.
Кездесуді доктор Константин Мазур өткізді. Ол қатысушыларға университеттің қызметі, білім беру және ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы, негізгі жұмыс бағыттары, халықаралық байланыстары мен жобалары туралы таныстырды. Академиялық өзара іс-қимыл мүмкіндіктеріне, сондай-ақ ҚарҰЗУ мен Адам Мицкевич университеті арасындағы одан әрі ынтымақтастыққа негіз бола алатын бағыттарға ерекше назар аударылды.
Алғашқы күн бағдарламасының жеке бөлімі Еуропадағы ірі университеттік альянстардың бірі EPICUR Alliance мысалында жаһандық халықаралық академиялық ынтымақтастық мәселелеріне арналды. Қатысушылар халықаралық білім беру мен ғылымды дамытудың заманауи тәсілдерін, университетаралық әріптестіктің, академиялық ұтқырлықтың, бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бастамаларының маңызын талқылады.
Презентация тағылымдама қатысушыларына халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырудың еуропалық тәжірибесімен тереңірек танысуға және университеттердің халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялану перспективаларын бағалауға мүмкіндік берді. Бірлескен жобалар құру, ғылыми алмасуды дамыту, кәсіби байланыстар орнату, сондай-ақ зерттеушілер мен оқытушылар арасындағы өзара іс-қимыл форматтарын кеңейту мүмкіндіктері ерекше қызығушылық тудырды..
Алғашқы күн поляк әріптестерімен тікелей қарым-қатынас орнатып, кәсіби тәжірибе алмасуға да мүмкіндік берді. Кездесулер барысында қатысушылар өздерінің ғылыми қызығушылықтарын таныстырып, әлеуетті ынтымақтастық бағыттарын талқылап, бірлескен зерттеу жұмыстары аясында одан әрі даму мүмкіндігі бар тақырыптарды айқындады.
Адам Мицкевич университетімен танысу екі апталық тағылымдама бағдарламасының маңызды бастамасына айналды. Алдағы күндері қатысушыларды поляк әріптестерімен жұмыс кездесулері, бейінді бөлімшелер мен зертханаларға бару, университеттегі ғылыми және білім беру жұмысының ұйымдастырылуымен танысу, ғылыми тәжірибе алмасу, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және жаңа бастамаларды іске асыру перспективаларын талқылау күтіп тұр.
Познань қаласындағы халықаралық ғылыми тағылымдама академик Е. А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ мен Адам Мицкевич университеті арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Тағылымдама қатысушылардың кәсіби дамуына ғана емес, жаңа ғылыми байланыстар орнатуға, білім мен тәжірибе алмасуға және халықаралық әріптестікті кеңейтуге мүмкіндік береді.
Алғашқы күн артта қалды — алда мазмұнды бағдарлама, жаңа кездесулер, ғылыми идеялар мен бірлескен жұмыс күтіп тұр.
Бұл — үлкен ғылыми жолдың бастауы ғана!