Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ТАРИХ ПЕН АРХЕОЛОГИЯ ДИАЛОГЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ТАРИХ ПЕН АРХЕОЛОГИЯ ДИАЛОГЫ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Тарих факультетінде профессор-оқытушылық құрамы мен чех делегациясы өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесу Чехия Республикасының Білім министрлігі мен Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «The Land Gone Wild: Archaeology and Transdisciplinary Research on Resilience Strategies in the 20th Century» халықаралық ғылыми жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жоба Қазақстан мен Чехияның зерттеушілерін біріктіріп, ХХ ғасырдағы археологиялық және тарихи мұраны зерттеуге, сондай-ақ лагерьлік кешендерге салыстырмалы зерттеулер жүргізуге бағытталған.
Зерттеу барысында Батыс Чехияның Яхимов тарихымен байланысты нысандарға және Қазақстандағы Теректі лагеріне ерекше назар аударылады. Салыстырмалы тәсіл 1940 жылдардың соңы – 1950 жылдардағы лагерьлік кешендердің қалыптасуы мен қызмет ету ерекшеліктерін тереңірек зерделеуге, сондай-ақ осы кезеңдегі тарихи үдерістерді ғылыми тұрғыдан кеңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру барысында археологиялық зерттеулер жүргізу, ғылыми білім алмасу және бірлескен зерттеу тәсілдерін дамыту жоспарлануда.
Бөкетов ұлттық зерттеу университеті атынан жұмыс тобының құрамында З.Г. Сақтағанова, Г.М. Байғожина, Д.А. Жұмабеков, С.В. Елеуханова және К.К. Абдрахманова бар.
Мұндай халықаралық кездесулер кәсіби диалог орнатып, тәжірибе алмасуға және ғалымдардың бірлескен жұмысына жаңа мүмкіндіктер ашады. Қазақстан мен Чехия арасындағы ғылыми ынтымақтастық тарихи дамуға, мәдени мұраны сақтауға және өткен кезеңдерді тереңірек зерттеуге ықпал етеді.
Тарих зерттеушілерді біріктіреді, ал ғылыми диалог ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.