Жаңалықтар

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ!

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ!
Ғылыми кеңестің кезекті отырысында 12 тамызды академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Университет күні деп жариялау ұсынылды.
Атаулы дата білім ордамыздың ұжымы мен студенттері үшін ерекше маңызға ие. 2025 жылдың дәл осы 12 тамызында Бөкетов ұлттық зерттеу университетіне Ұлттық мәртебесі берілген еді.
Бұл маңызды оқиға университеттің жоғары білім беру және зияткерлік әлеуетінің, сондай-ақ отандық ғылым мен білімнің дамуына қосқан елеулі үлесінің мойындалуы болды.
Енді 12 тамыз университет күнтізбесіндегі ерекше датаға, жетістіктер мен жарқын жеңістерді мақтан тұтатын күнге айналады!