Қазақ халқының құқықтық мәдениеті мен әділеттілік дәстүрі ғасырлар қойнауынан бастау алады. Осы құнды мұраны кеңінен танытатын еңбектердің бірі – заңгер, ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы құрметті судьясы Өмірсерік Қожабаевтың «Қазақтың билер мектебі: Майқыдан Абайға дейін» атты кітабы.
2025 жылы жарық көрген бұл еңбек Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай дайындалған. Үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шықты.
Еңбекте қазақ даласындағы билер институтының қалыптасуы, дәстүрлі құқық жүйесі, әділдік пен ел басқару қағидаттары кеңінен сөз болады. Майқы би, Асан қайғы, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды тарихи тұлғалардың ел бірлігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы орны зерделенеді. Сонымен қатар Абайдың билік пен заң саласындағы қызметіне де ерекше назар аударылған.
«Тура биде туған жоқ» деген қағида – қазақ қоғамындағы әділеттің, ар мен жауапкершіліктің биік өлшемі.
Бабалардан жеткен әділдік дәстүрін танып-білу – өткенді құрметтеу ғана емес, бүгінгі қоғамның құқықтық санасын қалыптастырудың маңызды бөлігі.
Тарихын таныған ұрпақ – тағылымын бағалайды.
Әділет дәстүрін білген ұрпақ – ел болашағын нық қалыптастырады.
Жаңалықтар
ТАРИХТЫҢ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ
Buketov University