Жаңалықтар

ЖАҢА ШЕШІМДЕР — ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ!

ЖАҢА ШЕШІМДЕР — ЖАҢА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ БАСТАР ЖОЛ!
Бүгін академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Директорлар кеңесінің кезекті отырысында университетті одан әрі дамытуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданды (2026 жылғы 20 тамыздағы №8 хаттама).

Аталған шешімнің негізіне 2023–2025 жылдардағы Басқарма қызметіне жүргізілген тәуелсіз бағалау қорытындылары алынды. Бағалау нәтижесінде Басқарма қызметі 100 баллдың 96 баллымен жоғары бағаланды! Сонымен қатар, университетке Зерттеу университеті және Ұлттық университет мәртебелерінің берілуі де Басқарманың тиімді жұмысының дәлелі болып табылады.

Қол жеткізілген нәтижелерді ескере отырып, Директорлар кеңесі Басқарма мүшелері — проректорлардың өкілеттіктерін 2028 жылғы 11 желтоқсанға дейін, яғни Басқарма төрағасы — Ректор Н.О. Дулатбековтің өкілеттік мерзіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен бұрын келісілген мерзімге дейін ұзартылды:

Тажбаев Еркеблан Муратович — Басқарма мүшесі, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор;

Сармурзин Ербол Жаңбырбаевич — Басқарма мүшесі, стратегиялық даму жөніндегі проректор;

Жетпісбаев Нұржан Арғынұлы— Басқарма мүшесі, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор;

Молдабаев Асылбек Серікұлы — Басқарма мүшесі, әкімшілік-шаруашылық қызмет жөніндегі проректор.

Университет басшылығы мен барша ұжымды құттықтаймыз!

Сіздерге сарқылмас күш-қуат, ауқымды әрі амбициялық жобалар және жаңа биіктерге нық қадаммен жетуді тілейміз!