Жаңалықтар

ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРХЕОЛОГИЯСЫ

ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ: ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРХЕОЛОГИЯСЫ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының базасында Қытайдың Сиань қаласындағы Солтүстік-Батыс университетінің Жібек жолы археологиясын зерттеу және ынтымақтастық орталығының өкілі, PhD докторант Ши Ханьда 2026 жылғы 20 мамыр мен 20 тамыз аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама аясында Ши Ханьда Орталық Қазақстанның қола дәуірі археологиясына арналған бейіндік ғылыми әдебиеттерді зерттеп, сондай-ақ Қарағанды облысының Шет ауданында зерттеу жұмыстарын жүргізген Қарағанды университетінің археологиялық экспедициясына қатысты.

Сарыарқа археологиялық институтының қорында сақталған керамикалық коллекциялар мен археологиялық артефактілерді зерттеуге ерекше назар аударылды. Бұл жұмыс зерттеушіге өңірдің археологиялық мұрасымен тереңірек танысуға және бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты.

Ғылыми тағылымдама қорытындысы бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен алдағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың перспективаларына арналған ғылыми жарияланымды дайындау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілді.

Тағылымдама Қазақстан мен Қытай арасындағы академиялық және ғылыми байланыстарды нығайтудың, сондай-ақ археология және Орталық Азияның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызды кезеңіне айналды.