Бүгін қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толып отыр.
Хакімнің мол мұрасы, соның ішінде әйгілі «Қара сөздері» – халқымыздың рухани темірқазығы, ұлттық мәдениетіміздің берік негізі. Ақынның шығармалары ұрпақты білімге, еңбекке, адамгершілік пен ізгілікке үндейді.
Абай күніне орай республика көлемінде әдеби оқулар, ақын ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімдері және түрлі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды.
Жаңалықтар
ҰЛЫ ОЙШЫЛДЫҢ ӨШПЕС МҰРАСЫ
Buketov University