Жаңалықтар

ПРОФЕССОР ХАНС-ЙОАХИМ ШРАММНЫҢ (ГЕРМАНИЯ) ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІ

ПРОФЕССОР ХАНС-ЙОАХИМ ШРАММНЫҢ (ГЕРМАНИЯ) ҚОНАҚ ДӘРІСТЕРІ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне шетелдік ғалымдарды шақыру жоспарын іске асыру аясында 2026 жылғы 21 қыркүйек пен 22 қараша аралығында Висмар қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) профессоры Ханс-Йоахим Шрамм онлайн форматта «Заманауи заңгерлік білім беру және құқықтық шешімдер қабылдау әдіснамасы: Германия тәжірибесі» тақырыбында қонақ дәрістер циклін өткізуде.
Ханс-Йоахим Шрамм — Висмар қолданбалы ғылымдар университетінің (Германия) профессоры. 1989 жылы Саарбрюккен университетінде құқық мамандығы бойынша бірінші мемлекеттік емтиханды, ал 1992 жылы Дюссельдорфта екінші мемлекеттік заң емтиханын тапсырған.
1998 жылы Кёльн университетінде «Russian Capital Market Law» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 2000–2008 жылдары Бремен университетінде «Corporate Law in Transition Countries» тақырыбы бойынша хабилитация рәсімінен өткен.
2012 жылдан бастап Висмар қолданбалы ғылымдар университетінде профессор қызметін атқарып келеді.
Оның негізгі оқытушылық және ғылыми-зерттеу бағыттарына:
шарттық құқық;
корпоративтік құқық;
халықаралық жеке құқық;
атқарушылық іс жүргізу;
дәрменсіздік (банкроттық) құқығы;
ақпараттық технологиялар құқығы;
халықаралық коммерциялық мәмілелерді құқықтық реттеу жатады.
Сонымен қатар, профессор Ханс-Йоахим Шрамм Висмар қолданбалы ғылымдар университетіндегі «German and International Economic Law» магистрлік бағдарламасының жетекшісі болып табылады және халықаралық ғылыми әрі сараптамалық қызметте мол тәжірибеге ие.
Дәрістер циклі Германияның заңгерлік білім беру жүйесіне, құқықтық шешімдерді негіздеу және қабылдау әдіснамасына, құқық нормаларын түсіндіру тәсілдеріне, дәлелдеу ауыртпалығын бөлудің құқықтық шешім құрылымына ықпалына, судьяның құқықты қалыптастырудағы рөліне, сондай-ақ заңгерлерді даярлаудың практикаға бағдарланған тәсілдеріне арналған.
Шетелдік ғалымдардың қонақ дәрістерін өткізу білім алушылар мен оқытушылардың халықаралық академиялық тәжірибемен танысуына, заманауи құқықтық тәсілдерді меңгеруіне және ғылыми-білім беру байланыстарын нығайтуға мүмкіндік береді.
Заң факультетінің азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы профессор Ханс-Йоахим Шраммға мазмұнды дәрістері, жоғары кәсібилігі және университеттің академиялық қауымдастығымен ғылыми білімі мен практикалық тәжірибесін бөлісуге дайын екендігі үшін шынайы алғысын білдіреді.
Халықаралық ынтымақтастық — жаңа білім, тәжірибе және кәсіби мүмкіндіктер!