Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН КОРЕЯТАНУ САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН КОРЕЯТАНУ САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ ЖАҢА ҚАДАМ!
2 қазан күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетіне Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасының Елшілігінің делегациясы Төтенше және Өкілетті Елші мырза Чон Ки Хонның (Jung Ki-hong) басшылығымен келді.
Университет басшылығымен өткен кездесуде тараптар бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын және серіктестік байланыстарды нығайтудың перспективаларын талқылады.
Сапардың негізгі қорытындылары:
Корей тілін үйрену орталығын құру
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі университет базасында мамандандырылған Орталық ашу перспективаларын талқылау, сондай-ақ студенттер арасында корей тілін үйренуге деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін білікті корей тілі оқытушысын тарту болды.
Оқу үдерісін қолдау
Елшілік өкілдері бұған дейін университетке табысталған корей тілін оқытуға арналған материалдармен және оқу әдебиеттерімен танысты.
Студенттермен тікелей диалог
Дипломаттар корей тілі мен мәдениетіне шын қызығушылық танытып жүрген Buketov University студенттерімен кездесті. Студенттер өз жетістіктерімен бөлісіп, жоспарлары туралы айтып, Елші мырзаға және делегация мүшелеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын тікелей қоюға мүмкіндік алды.
Бұл сапар университеттің білім беру және мәдени байланыстарын кеңейтудегі маңызды кезең болып, студенттерге білім алу мен академиялық алмасудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты!