Заң факультетінің өкілдері академик Майдан Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты.
2026 жылғы 1–2 қазанда жыл сайынғы цивилистикалық оқулар аясында «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы: тарихы, теориясы, практикасы» тақырыбында академик, заң ғылымдарының докторы, профессор Сүлейменов Майдан Кунтуарұлының 85 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Заң факультетінің өкілдері — профессор-зерттеуші, заң ғылымдарының кандидаты Ильясова Г.А. және Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының докторанты Байкенжина Ш.Т. қатысты.
Конференция барысында Қазақстан Республикасының азаматтық құқығын дамытудың өзекті мәселелері, жеке құқықтық реттеудің қазіргі үрдістері және отандық цивилистиканың ғылыми-теориялық негіздері талқыланды.
Іс-шараға Қазақстанның жетекші заңгер-ғалымдары, оның ішінде ҚР Құрылтайының депутаты, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Дулатбеков Н.О. қатысты.
Конференция Заң факультетінің өкілдеріне азаматтық құқық саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, жетекші ғалымдармен тәжірибе алмасуға және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.
Заң факультеті академик Майдан Кунтуарұлы Сүлейменовті 85 жас мерейтойымен құттықтап, зор денсаулық, ғылыми ұзақ ғұмыр және жаңа жетістіктер тілейді!
Жаңалықтар
ТАРИХ, ТЕОРИЯ, ТӘЖІРИБЕ
Buketov University