Ғылыми-техникалық кеңес университеттің ғылыми-зерттеу қызметін басқаруға уәкілетті алқалы орган болып табылады. Кеңес құзыретіне университеттің ғылым саласындағы стратегиялық бағдарламасының іске асырылуын бағалау, университет ғалымдарының ғылыми еңбектерін сараптау кіреді.
Кеңес құрамына факультет декандарының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасарлары, университеттің ҒЗИ, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру басқармасының, ғылым және коммерцияландыру басқармасының басшылары, Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы кіреді. Кеңесті ғылыми жұмыс жөніндегі проректор басқарады.
Ғылыми-техникалық кеңестің мүшелерін факультеттер ұсынады немесе оған лауазымы бойынша кіреді.
Кеңес жұмысы жиілігі айына кемінде бір рет отырыс режимінде өткізіледі.
Buketov University