← Кафедраға оралу

Кафедра туралы

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы туралы толық ақпарат

Күндер мен фактілер

Тарихи мәліметтер:

Заң саласында жоғары білікті мамандар даярлауда азаматтық және еңбек құқығы кафедрасына жетекші рөл тиесілі. Кафедраның қалыптасуы мен дамуының өзіндік тарихы бар. Заң факультетінің қалыптасу кезеңіндегі ең күрделі мәселелердің бірі оқу үдерісін ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету болды. Бұл мәселе басқа жоғары оқу орындарынан жетекші ғалымдарды тарту арқылы шешілді.

1975–1977 жылдары азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасын Калининград мемлекеттік университетінің доценті, заң ғылымдарының кандидаты Гущин И.В. басқарды. Кафедраның оқу үдерісін ұйымдастыруда Беларусь мемлекеттік университетінен келген доцент Туезарова А.М., оқытушы Тимшкевич А.Е., сондай-ақ жас мамандар — ЛГУ им. А.А. Жданов түлегі Нургалиева Е.Н. (қазіргі таңда заң ғылымдарының докторы, профессор), АГУ түлегі Щеголева Т.П. (қазіргі таңда заң ғылымдарының докторы, профессор, Орынбор аграрлық университетінің деканы) және басқа да мамандар үлкен үлес қосты.

1970-жылдардың соңында азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасы екі дербес құрылымға бөлінді: азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасы және ауыл шаруашылығы және еңбек құқығы кафедрасы. 1995 жылы бұл кафедралар қайта біріктірілді.

Қазіргі уақытта кафедра Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы деп аталады.

Әр жылдары кафедраны доцент Ем В.С., доцент Иосифиди Т.П., аға оқытушы Нурабаева З.Т., доцент Кенжетаев Т.Р., з.ғ.к., доцент Идрисова С.Б., з.ғ.к., доцент Муканова М.Ж., з.ғ.к. Зинченко В.В. басқарды.

2008–2019 жылдары кафедраны Қарағанды университетінің заң факультетінің 1997 жылғы түлегі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Киздарбекова А.С. басқарды.

2019–2021 жылдары кафедра меңгерушісі з.ғ.к., профессор Ильясова Г.А. болды. 2021–2024 жылдары — PhD, қауымдастырылған профессор Акимжанова М.Т.

2024 жылғы 1 қазаннан бастап Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі — заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Әбдіжәми Айтуған Жумахметқызы.

 

Профессор-оқытушылар құрамы:

Кафедрада 14 штаттық оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 3 заң ғылымдарының кандидаты, 7 философия докторы (PhD) және 4 заң ғылымдарының магистрі бар. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы арасынан 3 оқытушы республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», «Үздік ғылыми қызметкер» атақтарының иегері болып табылады.

 

Білім беру бағдарламалары

6В04205 – Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу

7М04205 – Жеке құқық (ғылыми-педагогикалық)

7М04205.1 – Жеке құқық (бейіндік)

8D04201 – Құқықтану

 

Бакалавриат және магистратураның білім беру бағдарламалары NAAR, NAOKO халықаралық аккредитациясынан өткен, сондай-ақ «Атамекен», НААР, НАОКО рейтингтік бағдарламаларына және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі желісі бойынша жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингіне қатысады.

Талапкерлер, білім алушылар және барлық қызығушылық танытқан тұлғалар білім беру бағдарламалары туралы ақпаратты университеттің және заң факультетінің ресми сайттарынан, сондай-ақ Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының парақшаларынан және кафедраның Instagram желісіндегі парақшасынан ала алады:

https://www.instagram.com/ksu.law_civillaw

Түлектерді жұмысқа орналастыру

Түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіші 75% құрайды.

7М04205 – Жеке құқық білім беру бағдарламасы бойынша бұл көрсеткіш 100%.

Тағылымдамалар

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Германия, Чехия, Болгария, АҚШ елдеріндегі жетекші халықаралық білім беру орталықтарында, сондай-ақ «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының бағдарламалары аясында біліктілігін белсенді түрде арттыруда.

2013 ж. – кафедра профессоры Киздарбекова А.С. Interkulturelle Weiterbildungs gesellschaft e.V. Халықаралық білім беру және ғылыми ақпарат орталығында ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті,
2016 ж. – Penn State Law университетінде (Пенсильвания, АҚШ) тағылымдамадан өтті.

2014 ж. – профессор Ильясова Г.А. Дюссельдорф қаласындағы Генрих Гейне атындағы Дюссельдорф университеті базасында Interkulturelle Weiterbildungs gesellschaft e.V. халықаралық орталығында шетелдік тағылымдамадан өтті.

2017 ж. – аға оқытушы Асетова Г.Б. Әзербайжан Республикасы ІІМ Полиция академиясының азаматтық құқық кафедрасында «Әзербайжан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті (Баку қ.).

2020 ж. – профессор Ильясова Г.А. «ХХІ ғасырдағы заң ғылымының өзекті міндеттері мен даму бағыттары» тақырыбы бойынша Киев қаласындағы Мемлекеттік инфрақұрылым және технологиялар университетінің заң факультетінде халықаралық қашықтықтан ғылыми тағылымдамадан өтті.

2021 ж. – ИРН AP09259787 «Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз етудің теориясы мен практикасы (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында)» атты іргелі ғылыми жоба аясында зерттеу тобының мүшелері (Ильясова Г.А., Акимжанова М.Т., Нукушева А.А., Асетова Г.Б.) Antalya Bilim University (Анталья, Түркия) университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті, сондай-ақ Ташкент мемлекеттік экономикалық университетінде және Әлішер Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында болды.

2022 ж. – зерттеу тобының мүшелері Ильясова Г.А., Токатов Р.А., Акимжанова М.Т. Италия Республикасында (Кассино қ.) Кассино және Оңтүстік Лацио университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті, сондай-ақ Берн қаласындағы Швейцария Ұлттық кітапханасында ғылыми зерттеулер жүргізді.

2024 ж. – профессор-зерттеуші Ильясова Г.А. және қауымдастырылған профессор Акимжанова М.Т. Гданьск университетінде (Польша) онлайн форматта «Innovative Methodologies in Legal Science Research: Bridging Theory and Practice» атты ғылыми тағылымдамадан өтіп, сертификат алды.

2024 ж. – ассистент-профессорлар Карибаева А.Е. және Әбдіжәми А.Ж. «Buketov Research Winter School – 2024» бағдарламасы аясында «Scientific Research Methodology» тақырыбы бойынша 72 сағаттық курс тыңдады (Қарағанды, Е.А. Бөкетов атындағы университет).

 2024 ж. – Рустембекова Д.К. халықаралық кәсіпкерлік құқық және халықаралық салықтық жоспарлау бойынша 72 сағаттық қонақ дәрістер курсынан өтті; Отарбаева А.Т. Гданьск университетінің профессоры Э.Э. Юхневичустың «Халықаралық кәсіпкерлік құқық және жоспарлау» тақырыбындағы 72 сағаттық қонақ дәрістер курсын тыңдады.

·  Сонымен қатар кафедра оқытушылары келесі ғылыми тағылымдамалардан өтті:

·  · «Қалдықтарды басқарудағы инновациялық цифрлық технологиялар және құқықтық аспектілер» – Hochschule Wismar, Германия (2024 ж.);

·  · «Жоғары білім берудегі инновациялық технологиялар және цифрлық трансформация»;

·  · «Азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасының өзекті мәселелері» – Antalya Bilim University (Түркия, 2021 ж.);

·  · «Innovative Methodologies in Legal Science Research: Bridging Theory and Practice» – Гданьск, Польша;

·  · «The Child and the Internet Space: Issues of Legal Security» – University of Intelligent Technologies and Communications (2024 ж.).

 

Тағылымдамалар және ғылыми-зерттеу қызметі

Кафедра шетелдік жетекші ғылыми-білім беру орталықтарымен белсенді түрде ынтымақтастық жасайды. Халықаралық әріптестік аясында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы цивилистикалық ғылымның өзекті мәселелері бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіп, халықаралық ғылыми-білім беру жобаларын іске асыруға қатысады.

2013–2015 жылдары доцент Киздарбекова А.С., профессор Ильясова Г.А., доцент Акимжанова М.Т. TEMPUS-VI бағдарламасы аясында жүзеге асырылған «Орталық Азиядағы жоғары білімге апарар жол: тюнинг құрылымы және сапа мәдениетін қалыптастыру» (TuCAHEA) халықаралық ғылыми-білім беру жобасына қатысты.

2015–2017 жылдары кафедра профессоры Ильясова Г.А. «Қазақстанда және қазіргі әлемде ювеналдық жүйенің қалыптасуы мен дамуындағы баланың құқықтарын конституциялық-құқықтық қорғау және қамтамасыз ету» атты іргелі гранттық ғылыми жобаны орындаушы (аға ғылыми қызметкер) ретінде іске асыруға қатысты.

2021 жылы республикалық конкурс қорытындысы бойынша кафедра оқытушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттарының иегерлері атанды:

1.                      ИРН AP23490668 «Қазақстан Республикасында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату саласындағы құқықтық аспектілер: мәселелер мен перспективалар» Жоба жетекшісі — з.ғ.к., профессор Нукушева А.А. Зерттеу тобының мүшелері: Әбдіжәми А.Ж., Рустембекова Д.К. Жобаны іске асыру мерзімі: 2024–2026 жж.

2.                      ИРН 19679658 «Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясын қолдануды құқықтық реттеу: теория және практика» Жоба жетекшісі — з.ғ.к., профессор-зерттеуші Ильясова Г.А. Зерттеу тобының мүшелері: Токатов Р.А., Тілеп Т., Жамбурбаева С.М. Жобаны іске асыру мерзімі: 2023–2025 жж.

3.                      № 9787-Ю-21 «Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз етудің теориясы мен практикасы (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында)» Жоба жетекшісі — з.ғ.к., профессор-зерттеуші Ильясова Г.А. Зерттеу тобының мүшелері: Акимжанова М.Т., Токатов Р.А., Асетова Г.Б., Мырзалиева Ж.Т. Жобаны іске асыру мерзімі: 2021–2023 жж.

Кафедра оқытушылары білім беру бағдарламаларын жетілдіру және оқыту тиімділігін арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. Гранттық іргелі ғылыми жобаларды іске асыру аясында білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға және соңғы ғылыми жетістіктерді оқу үдерісіне енгізуге мүмкіндік жасалады.

Гранттық зерттеулер нәтижесінде кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы төмендегілерді әзірледі:

1. Коллективная монография «Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз етудің теориясы және тәжірибесі (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамалары саласында); Учебное пособие «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу құқығы бойынша заңдық терминдердің анықтамалық сөздігі»;

2. Ильясова Г.А., Сабыржан А., Айтимов Б.Ж., Токатов Р.А., Жамбурбаева С. «Қазақстан Республикасында блокчейн технологиясын қолдануды құқықтық реттеудің теориялық және тәжірибелік мәселелері». Монография. /Ред. Г.А. Ильясова. – Қарағанды., Colorprint ЖШС баспасы, 2025ж. -336 бет.

3. A.A. Nukusheva, A.Zh. Abdizhami, S.E. Assanova, T.S. Smagulova, N.M. Apsimet. «Legal foundations for the processing and utilization of municipal solid waste in the Republic of Kazakhstan in the context of implementing the sustainable development goals». Monograph. - Karaganda, 2025. – 347 p.

4. 2025 жылғы 25 қыркүйекте «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстіндегі тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеу: сын-қатерлер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция материалдары негізінде «Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру контекстіндегі тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеуді құқықтық реттеу: сын-қатерлер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы жарық көрді (Қарағанды қ., 2025 жылғы 25 қыркүйек). Жауапты редакторлар: А.А. Нукушева, А.Ж. Әбдіжәми. — Қарағанды: «Arko Printing House» ЖШС, 2025. — 356 б.

5. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері мемлекеттік органдардың практикалық қызметіне және оқу үдерісіне енгізілді.

Кафедра профессорлық-оқытушылық құрамының гранттық іргелі ғылыми жобалар аясында жүргізген зерттеулері білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға ықпал етіп, оларды неғұрлым тәжірибеге бағдарланған, өзекті және инновациялық етуге мүмкіндік береді, түлектердің даярлық деңгейін арттырып, оқу орнының ғылыми-білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтады.

«Блокчейн технологиясын енгізу және қолданудың мүмкіндіктері жөнінде біліктілікті жоғарылату / О возможностях внедрения и применения технологии блокчейн» атты онлайн-курс әзірленіп, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жаппай ашық онлайн курстар платформасына (https://mook.buketov.edu.kz/) орналастырылды. Курстың ұзақтығы — 36 сағат. Курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификат беріледі. Аталған курс коммерцияландырылған, бұл авторлар Ильясова Г.А. және т.б. мен «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ арасында қызметтік туындыларды пайдалану туралы жасалған шартпен расталады.

Кафедраның профессор-зерттеушісі Ильясова Гүлжазира Актөреқызы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Құқық» сериясы журналының жауапты хатшысы болып табылады (https://law-vestnik.ksu.kz/index.php/law/about/editorialTeam).

 

Серіктестер және халықаралық байланыстар

Кафедра докторанттарға ғылыми кеңесші ретінде тартылған шетелдік профессорлармен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасасты: Мамедов Р.Ю. — Әзірбайжан Республикасы ІІМ Полиция академиясының құқық философиясы бойынша PhD докторы (Әзірбайжан); Чанкова Д. — құқық докторы, Неофит Рильский атындағы Оңтүстік-Батыс университетінің профессоры (Болгария); Клюева Е.Н. — заң ғылымдарының докторы, профессор, Инфрақұрылым және технологиялар мемлекеттік университетінің шаруашылық және көлік құқығы кафедрасының меңгерушісі (Украина).

Кафедра оқытушылары шетелдік ғалымдармен бірлесіп Scopus базасына кіретін жоғары рейтингті журналдарда, сондай-ақ ҚР ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда мақалалар жариялады.

Қонақ дәрістер

2022 жылы:

-                     Клюева Е.Н. — Украина, Инфрақұрылым және технологиялар мемлекеттік университетінің профессоры;

-                     Малютин Н.С. — М.В. Ломоносов атындағы ММУ профессоры (Ресей).

2023 жылы:

-                     Лисица В.Н. — з.ғ.д., Новосибирск ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінің профессоры (офлайн);

-                     Э. Юхневичус — Гданьск университетінің профессоры (Польша), онлайн курс;

-                     Г. Юлдашева — Ташкент мемлекеттік заң университетінің профессоры, ОБСЕ ұлттық сарапшысы (аралас форматта, 72 сағат).

2024 жылы:

-                     Н.Э. Гафурова, А.Р. Рахманов — Ташкент мемлекеттік заң университеті;

-                     Ш. Тиллабоев, А.С. Сыдыгалиева, Д.А. Эгамбердиев — Қырғыз-Ресей Славян университеті;

-                     Ду Тяньин — Шэньян педагогикалық университеті (Қытай);

-                     Явуз Эрдоган — PhD, Antalya Bilim University (Түркия), онлайн курс.

2025 жылы:

-                     Лисица Валерий Николаевич — з.ғ.д., Новосибирск ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті және РФ ҒА Мемлекет және құқық институты, ғылыми зерттеу әдіснамасы бойынша онлайн/офлайн дәрістер.

     2026 жылы 

·          Фабиано Тучило — Неаполь университетінің (Неаполь қ., Италия) профессоры, PhD докторы, академиялық ынтымақтастық аясында өзінің ғылыми жобасының қаражаты есебінен 72 сағат көлемінде сабақ өткізді;

·                     Еминоглу Нехаль — Анкара университетінің (Анкара қ., Түркия) профессоры, PhD докторы, университет қаражатынан тыс қаржыландыру есебінен «Қазіргі мемлекет және құқық: адам құқықтарын дамытудың сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбында онлайн форматта 72 сағат көлемінде курс өткізді;

·                     Гафурова Нозимохан Эльдаровна — Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң кадрларын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының (Ташкент қ., Өзбекстан) профессоры, заң ғылымдарының докторы, қонақ дәрістер өткізді;

·                     Юсупова Фарингиз Уктамовна — Өзбекстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң кадрларын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының (Ташкент қ., Өзбекстан) PhD докторы, профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығы аясында студенттерге дәрістер өткізді.

Академиялық мобильдік және студенттік жетістіктер

ППС, студенттер, магистранттар мен докторанттар Қазақстанның және шетелдік ЖОО-ларда академиялық мобильдік бағдарламаларына қатыса алады. 2024–2025 оқу жылының көктемгі семестрінде білім алушылар С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде онлайн білім алды.

Магистрант А.В. Уринбаев 2025 жылғы 30 қазан мен 26 қараша аралығында Фридрих II атындағы Неаполь университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Дуальды оқыту аясында сабақтар Қарағанды облысының аудандық соттары, Кәсіпкерлер палатасы базасында өткізіледі, сондай-ақ қазақстандық университеттердің ғалымдары мен практик-заңгерлердің қонақ дәрістері ұйымдастырылады.

Студенттер халықаралық, республикалық және өңірлік пәндік олимпиадаларда 1, 2, 3 орындарды иеленеді. 2025 жылы академик Е.А. Бөкетовтің 100 жылдығына орай «De basics legis civilis» атты азаматтық құқық негіздері бойынша өңірлік құқықтық олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 10 өңірлік ЖОО командасы қатысты. Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар 1 000 000 тг (Гран-при), 500 000 тг (I орын), 300 000 тг (II орын), 200 000 тг (III орын) көлеміндегі сертификаттармен марапатталды. Олимпиаданың демеушісі — 2002 жылғы түлек, заң факультетінің жұмыс берушісі.

Кафедрада 8 докторант бекітілген, олар кафедра мен университеттің ғылыми және қоғамдық өміріне белсенді қатысады.

Халықаралық ғылыми ортамен өзара іс-қимыл нәтижесінде білім беру бағдарламасы аясында ынтымақтастық шарттары жасалып, білім алушылар жаңа білімдер мен технологияларға, ғылыми зерттеулерге қажетті материалдарға қол жеткізуде. Бұл жеке құқық саласында жоғары білікті мамандар даярлауға мүмкіндік береді.