Кафедра

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҒЫ КАФЕДРАСЫ

Оқытушылар: 14 Кафедра меңгерушісі Кафедра тарихы
Кафедра туралы

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасына қош келдіңіз!

Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасы жоғары білім берудің үш деңгейі бойынша білікті мамандарды: «6В04205-Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу», «6В04202-Бизнесті заңдық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, «7М04205-Жеке құқық», «7М04205.1-Жеке құқық» білім беру бағдарламалары бойынша магистрлерді, «8D04201-Құқықтану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторлары (PhD) даярлауды жүзеге асырады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Ерекше бөлім)», «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы», «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы», «Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы», «Халықаралық жеке құқық», «Қазақстан Республикасының отбасы құқығы» және жеке-құқықтық бағыттағы міндетті және элективті курстардың тұтас кешені: «Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу және тендерлік қамтамасыз ету», «Электрондық саудаға қатысушылардың құқықтарын қорғау», «Бәсекелестік құқық», «Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау», «Азаматтық-құқықтық дауларды шешудің баламалы тәсілдері» және т.б. оқу пәндерінің цивилистикалық цикл бойынша студенттерді, магистранттар мен докторанттарды оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытудың дәстүрлі нысандарымен үйлесетін заманауи интерактивті әдістер қолданылады.
Кафедра түлектері коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, оның ішінде консалтингтік агенттіктердің, сақтандыру, аудиторлық және инвестициялық компаниялардың, қаржы ұйымдарының және т. б. заңгерлері; мемлекеттік құрылымдарда HR-мамандар, құқықтық департаменттің (бөлімнің) заңгерлері; кәсіпорындағы кадр қызметінің мамандары; заң кеңесшілері; өкілдер (адвокаттар); нотариустар (нотариустың көмекшісі) судьялар; медиаторлар; патенттік жұмыс және авторлық құқықты қорғау жөніндегі кәсіби мамандар; сот орындаушылары; жеке кәсіпкерлер; коммерциялық заңды тұлғаның басшылары және т. б. болып жұмыс істей алады.
Кафедраның ғылыми зерттеулерінің тақырыбы заттық, міндеттемелік, корпоративтік құқық саласындағы азаматтық құқықтың өзекті мәселелері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты жеке құқықты және оны оқыту әдістемелерін трансформациялаудың қазіргі заманғы үрдістері болып табылады.
Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасында кафедра филиалы бар. Филиалдың жұмыс жоспарына сәйкес жұмыс бағыттары: кәсіпкерлер Палатасында студенттердің оқу және өндірістік практикасын ұйымдастыру және өткізу; оқу процесінің практикалық құрамын нығайту мақсатында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамына практикалық материалдарды жинау және жинақтауда кәсіпкерлер палатасы тарапынан көмек көрсету және т. б. болып табылады.
Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы, сондай-ақ «#Nodresscode» еріктілер клубының студенттері академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Заң клиникасында отбасылық-неке заңнамасы, мұрагерлік құқық, тұрғын үй, банк, еңбек және азаматтық құқықтық қатынастар, сот шешімдерін орындау, денсаулыққа зиянды өтеу және т. б. мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауға және халыққа тегін кеңестік көмек көрсетуге үнемі қатысады. Күнделікті жоспарлы жұмыстардан басқа, «Заңгерлер кеңес береді» тақырыптық акциялары мезгіл-мезгіл өткізіліп тұрады.
Кафедра үнемі тәрбиелік сипаттағы іс-шараларды, сондай-ақ білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашатын түрлі конкурстар, акциялар, олимпиадаларды өткізеді. Кафедра оқытушылары заң жобаларын талқылауға және сараптауға үнемі қатысады, нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша қорытындыларды дайындайды.
Кафедрада келесі мамандандырылған кабинеттер бар: «Сот отырысы залы», «Медиация кабинеті», «Құқықтық ақпарат кабинеті», оқу және ғылыми әдебиеттер қоры бар.
Кафедра құрамы

Оқытушылар