Тарихы:
Кафедра 1984 жылы Қарағанды педагогикалық институтында Қазақстан бойынша дефектолог мамандарды даярлауда екінші кезекте құрылған. Кейін дефектология факультеті деңгейіне дейін кеңейтілді. Олигофренопедагогика кафедрасының алғашқы меңгерушісі және негізін қалаушы – ХЖМ ҒА академигі, профессор, психология ғылымдарының докторы Намазбаева Ж.И. Әр жылдар ішінде кафедраны басқарған жетекші ғалымдар: м.ғ.к., доцент Дуплякин А.Г.; м.ғ.к., доцент Шишканов В.В.; п.ғ.к. Ахтаева М., м.ғ.к. Киспаева Ж.Қ., Красникова Н.А.; г.ғ.к., профессор Джусупов С.И.; м.ғ.к., профессор Ахметова Н.Ш., п.ғ.к. Колесникова Л.В.; м.ғ.д., профессор Тебенова Қ.С.; б.ғ.к., қауымдаст. профессор Алшынбекова Г.Қ. 2022 жылдан PhD, қауымдаст. профессор Рымханова А.Р. басқарады.
2005 жылдан бастап «Дефектология» білім беру бағдарламасы бойынша магистратура ашылды.
2021 жылдан бастап университеттің ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларын қолдау жөніндегі құрылымдық бөлімшесі ретінде «Инклюзивті білім берудің Ресурстық орталығы» ашылды. Сондай-ақ, Ресурстық орталық өңірдегі инклюзивті практиканы ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді ісін жүзеге асырады және түзету-білім беру қызметтерін көрсетеді.
2022 жылдан бастап бакалавриатта «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасы ашылды.
2023 жылдан магистратурада «Логопедия» білім беру бағдарламасы ашылды.
Оқытушылар:
Кафедраның ПОҚ отыздан астам оқытушылардан – ғылым докторларынан, кандидаттарынан, философия докторларынан және ғылым магистрлерінен тұрады. Олардың ішінде «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» республикалық атағының иегерлері, түрлі академиялардың академигі және корреспондент-мүшелері, атаулы сыйлықтар мен стипендиялардың иегерлері бар.
Білім алушылар:
Білім беру бағдарламалары бойынша студенттердің контингенті тұрақты өсу үрдісіне ие.
Жұмысқа орналастыру:
Білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын 70%-дан 85%-ға дейін құрайды, бұл кадрларға деген тұрақты сұраныстың барлығын көрсетеді.
Аккредиттеу және көшбасшылық:
Кафедра бағдарламалары ұлттық рейтингтерде лайықты орындарға ие:
БСҚТА (НАОКО):
6B01901-Дефектология - 3 орын;
7М01902101-Дефектология - 1 орын;
«Атамекен» ҰКП:
6B01901 «Дефектология» - 17 ЖОО арасында тізімдегі 5-орын.
Жобалар:
Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық жобаларды іске асыруға белсенді қатысады:
TEMPUS IV «Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын кәсібилендіру» Халықаралық жобасы (Туғанбекова К.М., Тебенова К. С.).
ҚР БҒМ ГҚ: АР05134666 «Инклюзивті білім беру жағдайындағы кәсіби қызметке педагог кадрларды даярлау» (А.Р. Рымханова, АҒҚ).
ҚР БҒМ ГҚ: АР08856309 «Инклюзивті білім беру шеңберінде студенттердің волонтерлік қызметін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу» (Рымханова А.Р., ЖҒҚ).
ҚР БҒМ ГҚ: АР19678524 «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайларында аутистік спектрлі бұзылыстары аралас бұзылулармен асқынған балаларды әлеуметтендіру үдерісін модельдеу» (Рымханова А.Р., жетекші; Рахметова А.М., Боброва В.В., Сакаева А.Н., Яковенко И.В.).
Ғылымды университет ішілік қаржыландыру:
«Жоғары оқу орындары студенттерінің медициналық-құқықтық сауаттылығын қалыптастыру елдің кадрлық ресурсының сапасын арттыру факторы ретінде
(Инклюзивті және арнайы білім беру ресурстық орталығы мысалында)» (Рымханова А.Р., жетекші; Тебенова К.С., Аманжолова Б.А., Жусупбекова З.Д., Аманбекова А.Б.).
Жас ғалымдардың жұмысын университет ішілік қаржыландыру:
«Саламатты ұрпақ өсірудің шарты – болашақ ата-ананың сауаттылығы» (Жусупбекова З.Д., жетекші).
«Арт-шеберхана» білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендірудің инновациялық формасы ретінде» (Аринова К.Н., жетекші).
Орта және арнайы білім беру мекемелерімен жүзеге асырылып жатқан бастамашыл жобалар:
«Тәжірибедегі педагог кадрларды инклюзия жағдайындағы қызметке даярлау» (Рымханова А. Р., Алшинбаева С. Ж., Олексюк З. Я., Ашимханова Г. С., Кударинова Г. С., Жүсіпбекова З. Д.)
«Бүгін, ертең және әрқашан: ЕБАҚ бар балаларға сапалы білім алу құқығын іске асырудың психологиялық-педагогикалық шарттары» (Боброва В. В., Алшынбекова г. К., Рахметова А. М.)
«Арнайы мектеп-интернат жағдаында аутистік спектрлі бұзылыстары бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» (Рымханова А.Р., Садвакасова Н.А., Бекмаганбетова А.К.)
«Отбасы және мектеп: диалогтан серіктестікке» (Рымханова А.Р., Олексюк З.Я.).
Серіктестер:
Жалпы білім беретін мектептер мен арнайы мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі ұйымдар, түзету-дамыту орталықтары, отандық және шетелдік ЖОО.